вверх
Официальный
интернет-ресурс
Караганды -12°C
Закон РК «О доступе к информации» наиболее важные разделы сайта
Виртуальная приёмная

Виртуальная приемная

Назад

Ерлан Кошанов

Аким Карагандинской области Eqoshanov
Статистика

Экономика  


ID вопроса: 17809

21.10.2019
Вопрос от: Дархан Сайранұлы Уәлиев

Вопрос:

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР БЕЛГІСІ ЖОҚ. Қүрметті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Махмұтұлы Қасымбек мырза! Бұл күндері қоғамда адам қауіпсіздігі мәселесі басты орында. Ал, Қарағанды қаласындағы ахуал онша емес. Мәселен, біз тұратын Майқұдықтың 17 ші ықшам ауданы, №53/1 мекен жайында орналасқан «Реал» супермаркетінің алдындағы көліктер өтетін жолда жаяу жүргіншілер (пешеход) белгісі мүлдем жоқ. Жолды ары-бері күнделікті кесіп өтетін мыңдаған кісілердің амандығына ешқандай кепілдік берілмеген. Әсіресе мектепте оқитын оқушыларға қиын. Мысал ретінде айтайын. Осыдан үш, төрт жыл бұрын 16-шы ықшам аудандағы «Отдых» дүкені алдындағы жолда бір зейнеткерді машина қағып кетіп ажал құшты. Әйтеуір, сол қайғылы оқиғадан кейін сол тұстағы Сауда дүкені алдына жаяу жүргіншілер белгісі қойылды. Қазір сол жерден халық емін-еркін өтіп жүр. «Реал» супермаркетіне апарар жолға жаяу жүргіншілер белгісін орнату туралы мәселені ең алғаш көктемде облыстық Орталық Қазақстан газетіне арнайы мақала жариялап, ал осы жылдың мамыр айында облыстық SARYARQA телеарнасы жаңалықтар қызметінің «Жедел желісінде» көтерген едік. Алайда сол кезде көтеріп отырған мәселеге жауапты Қарағанды қалалық автомобиль жолдары басқармасының басшысы Искандер Қабидолла-«жаяу жүргіншілер белгісін маусым айынан қалдырмай орнатамыз»- деп уәдесін берген еді облыс теларнасы тілшісі Айман Сағатайға берген сұхбатында. Содан бері қанша уақыт өтті. Күз де болды, қыс та жақындап қалды. Жаяу жүргіншілер белгісі әлі қойылған жоқ. Халық басын қауіпке тігіп келеді. Сонда біреуді көлік қағып кетіп, жазатайым оқиға орын алса ғана дереу қозғаламыз ба? Осы мәселе жергілікті тұрғындарды қатты аландатады. Аталған мәселені уақытты созбай жедел түрде шешуді жауапты мемлекеттік мекемелерге тапсырып, шешуіңізді сұрайды жергілікті тұрғындар сізден облыс әкімі Жеңіс Махмұтұлы! Майқұдықтағы 17 ші ықшам ауданы тұрғындары атынан: Дархан Жолжанов-Уәлиев. https://kartv.kz/ru/news/society/ustanovite-dorozhnye-znaki

Ответ:

21.10.2019 жылғы Сіздің Қараганды облысы әкімінің блогына түскен ID-17809, Қарағанды қаласының 17-ші шағынауданындағы «Реал» супермаркеті ауданында жаяу жүргіншілер откелін орнатуға қатысты сұрақты қарастырып, келесіні хабарлаймын.

Ағымдағы жылы «Елді мекенде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасы аясында 680 дана жол белгілерін орнатуға және ауыстыруға бюджеттік қаражат бөлінді, бюджеттік қаражат толық көлемде игерілді, осыған байланысты жол белгілерін орнату мүмкін емес. Бұл мәселе 2020 жылға арналған бюджеттік өтінімді беру кезінде ескерілетін болады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР заңының 12 бабына сәйкес, өтініш бойынша қабылданған шешімге жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе сотқа шағымдауға құқылысыз.

 

Вернутся назад

Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана 2 сентября 2019
Официальный сайт президента Республики Казахстан
Стратегия Казахстан 2050 Наша сила
Официальный сайт премьер министра Республики Казахстан
Полезные ссылки
Показать всю карту сайта