вверх
Официальный
интернет-ресурс
Караганды 23°C
Закон РК «О доступе к информации» наиболее важные разделы сайта
Виртуальная приёмная

Новости Караганды и Карагандинской области

Назад
Рабочие поездки акима
01 Апреля 2020

Фото: karaganda-region.gov.kz

30 наурызда Қарағанды қаласының қалалық ауруханасына 1958 жылы туылған ер адам ауыр халде келіп түсті. Дәрігерлер науқаста тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілері бар пневмонияны анықтады. Келіп түскен пациент дереу оқшауланған реанимациялық боксқа орналастырылды. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, бүгін 07.10-да оның жүрегі тоқтап қалған.

Бұл туралы Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев тікелей эфирде хабарлады.


Науқас келіп түскеннен кейін бірден коронавирусты анықтау үшін анализдер алынды, ол науқас қайтыс болғаннан кейін расталды. Медициналық персонал барлық қолданыстағы хаттамаларды сақтады. Қазіргі уақытта барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде.


Қаза тапқан адамның жақын туыстарының шеңбері оқшауланды. Оны 56 адаммен байланыста болғаны анықталды. Олардың барлығы бақылауда. Ер адам Теміртауда нотариалдық қызмет көрсетіп, Қарағандыда тұрған. Науқас республика шекарасынан шықпаған, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында болмаған

Бүгінгі таңда Қарағандыда 13 пациентте диагноз расталған. Олардың жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалайды. Тәулік бойы бақылауда 598 адам, үй карантинінде - 1 076 адам бар.
 



Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана 2 сентября 2019
Официальный сайт президента Республики Казахстан
Стратегия Казахстан 2050 Наша сила
Официальный сайт премьер министра Республики Казахстан
Полезные ссылки
Показать всю карту сайта