вверх
Официальный
интернет-ресурс
Караганды -15°C
Закон РК «О доступе к информации» наиболее важные разделы сайта
Виртуальная приёмная

Отчет руководителя управления ветеринарии

Назад

2015 жылы ветеринария саласында атқарылған жұмыстар

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтыңжыл сайын халыққа жолдауында елді сапалы азық – түлікпен және шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылық саласын, фермерлік шаруашылықтарды дамыта отырып, мал шаруашылығы өнімдерін көбейтуге аса көңіл бөліп отыр. Ауыл шаруашылық саласын дамытуда түрлі бағдарламалар қабылданып, жаңа бағдарламаларда ветеринарияны дамыту, жоғары сапа стандарттарына қол жеткізу, азық – түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері ерекше орын алады. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін шаруаларға жеңілдетілген несиелер менсубсидиялар, ауыл шаруашылығына қажетті техникалар берілуде. Әсіресе, фермерлерге қаржылай көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, мал азығын өндіру,қой шаруашылығы мен етті мал шаруашылығын дамытуарқылы халықтың әл-аухатын нығайту көзделген. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден ата – бабамыздан келе жатқан көне кәсібіміздің бірі. Соңғы жылдары Қазақстанда қой шаруашылығының құлдырап кету себебінен осы салаға да қатты көңіл бөлініп отыр. Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір демекші, қажырлы еңбекті талап ететін бұл саланы тұрақты дамытудың шешуші факторлары, шаруашылықтарды білікті ветеринариялық мамандармен қамтамасыз ету және жайылым мәселері, құнарлы мал азықтарымен қамтамасыз етут.б. Етті мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы іске асырылуда.
2015 жылы Қарағанды облысына шет елдерден 1170 бас ірі қара мал әкелінген.
Бүгінгі күні осындай мемлекеттің қолдауының әсерінен ауыл шаруашылығына деген бетбұрыс түзеліп, көптеген фермерлік шаруашылықтар, ет және сүт өңдеу кәсіпорындары, мал сою алаңдары ашылып, жұмыс жасай бастады.
2015 жылы құрылған «Қарағанды облысы ветеринариялық басқармасы» ММ – нен,жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жаңадан ашылған 43 кәсіпорындарға, атап айтқанда жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды дайындау және өткізуге - 1, жануарлардан алынатын ет өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыруға – 2, сүт өңдеу кәсіпорындарына – 1, ет өңдеу кәсіпорындарына – 1, жануарлар мен құстарды өсіру және өткізуді жүзеге асыруға - 27, балық өнімдерін сақтау және өткізуге - 1, мал сою алаңдары мен пунктеріне - 8, ветеринариялық препараттарды сақтау және өткізуге - 1, жемшөп қоспаларын сақтауға және сатуға– 1, барлығы 43 есептік нөмірлер беріліп, жұмыстарын бастады.
Бүгінгі күні Қарағанды облысы бойынша 2658 - шаруа қожалықтары, 45 - асыл тұқымды мал шаруашылықтары, 73 629 жеке қосалқы шаруашылықтары бар. Ауданадар мен қалалардағы тіркелеген мал басының саны: ІҚМ – 475 673, ҰҚМ -1 109 983, жылқы – 244 551, шошқа – 87 336, түйе – 1 597бас.
Әр жыл сайын ветеринариялық санитариялық іс-шараларды жүргізу үшін, облыстағы ауыл шаруашылық жануарларын есепке ала отырып, жоспар жасалынып, бекітіледі. Осы жоспар бойынша бюджет есебінен қаражатқарастырылады. Облыс бойынша ветеринариялық іс – шараларды жүргізуге 2015 жылға эпизоотияның алдын алуға760,9 млнтеңге бөлінді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары: қан алу, егу, бірдейлендіру жұмыстары жоспарға сәйкес толығымен орындалды. Атап айтканда, облыс бойынша Сібір жарасына қарсы: ІҚМ - 516,9 мың бас, ҰҚМ – 1091,3 мың бас, жылқы – 167,0 мың бас, шошқа – 63,8 бас, түйе – 1187 бас.
Қарасанға қарсы (Эмкар) – 418,2 мың бас егіліп, туберкулезге қарсы 793,7 мың бас ІҚМ жоспарға сәйкес зерттелді.
Диагностикалық зерттеу барысында жоспар бойынша Ережеге сәйкес, аналық малдан 2 рет, бойдақ малдан 1 рет жалпы 650,1 мың бас ІҚМ бруцеллезге қарсы зерттеліп, оның ішінде 4602 бас бруцеллезге оң нәтиже көрсетті, сонымен қатар жоспарға сәйкес 1278,0 мың бас ҰҚМ бруцеллезге зерттеліп, 1063 бас ауруға анықталып, тиісті жұмыстар атқарылды.
Бүгінде бруцеллез, туберкулез ауруларымен күресуге барынша күш салынуда себебі, осы ауруларға оң нәтиже берген малдарды қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізу арқылы шаруаларға нарықтық баға мөлшерімен мал құнының 50 пайызын мемлекет, 50 пайызын қайта өңдеуден өткізген мекемелер төлеп беруде. Бұл өз кезегінде мал иелерінің төленетін қаржыға қанағаттануы есебінен бруцеллезге шалдыққан ауру малдардың базарға сатылымға шығып кетпеуіне үлкен септігін тигізуде. 2015 жылы облыс бойынша бруцеллезге санитариялық союға жіберілген 1695 бас ірі қара және 173 бас ұсақ қара малдың 50% құнын төлеуге мемлекет бюджетінен 111 458 000 теңге бөлініп, ауруға анықталған мал иелеріне төленді.
2015 жылы бруцеллез ауруынан қолайсыз аймақтар – Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Жанаарқа аудандары және Шахтинск қаласы елді – мекендері тіркеліп отыр.
Осы ауру ошағы тіркелген елді – мекендерде 22 қолайсыз індет ошақтары анықталып, карантин және шектеу қойылып, сауықтыру іс-шаралары жүргізіліп, соның нәтижесінде жыл соңында 21 инфекциялық ошақтан шектеу алынды.
Қауіпті індеттерді жою мақсатында ауру шыққан аудан мен қалаларда 2707 объектіге 1637,2 шаршы метр аумағына профилактикалық және 842 объектіге 2668,15 шаршы метр аумағына мәжбүрлі дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
2012 жылы Қарағанды облысы бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік мекемелері «Ветстанция» ветеринариялық дәрігерлерімен қан алу, егу, бірдейлендіру, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаужұмыстары мемлекет есебінен тегін жүзеге асырылып отыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде ауру малды дер кезінде анықтап, тиісті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік туады.
Облыста194 ветеринариялық пункттер бар, 2016 жылдан бастап КМК «Ветстанция» ветеринариялық дәрігерлерімен мемлекеттік қызметтерді (ветеринариялық анықтамаларды №1, №2, №3, ветеринариялық паспорт және дерекқордан көшірме беру т.б) көрсету жұмыстары алға қойылып, жүзеге асырылуда .
Сонымен қатар ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жұмыстары да жоспарға сәйкес жүргізілуде, өткен 2015 жыл бойынша:ІҚМ – 196,8 мың, ҰҚМ - 630,8 мың, шошқа - 74,3 мың, жылқы – 76,5 мың бас. Барлық мәліметтер ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға енгізіліп отырады.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға бюджеттен 46, 8 млн теңге бөлініп, облыс бойынша 12 707 бас қаңғыбас иттер мен 3623 бас мысықтар ауланып, көзі жойылды.
Ауыл шаруашылық жануарларының және ит мысық өлекселерінің шашылып жатпауы үшін облыс бойынша арнайы мал көметін 109 мал қорымдары бар. Сонымен қатар, жануарлар мен үй хайуандарынан таралатын түрлі жұқпалы аурулардың таралмауы мақсатында аудандар мен қалаларға өлген малдардың, ит – мысықтардың өлексесін жағып жіберуге арналған 20 инсенератор пештері 48 млн теңгеге сатып алынып, орнатылды. Айта кететін жағдай, белгілі бір себептермен мал өлімі болған жағдайда, тұрғылықты мекеніңізге қарасты аудан немесе қала бойынша жергілікті КММ «Ветстанция» - ға хабар беріп, өлген малдардың өлекселерін өртеуге әкеліп тапсыруларыңыз қажет. Себебі адамдар мен жануарларға ортақ аса қауіпті жұқпалы және инвазиялық паразитарлық ауруларөте көп, олар бруцеллез, туберкулез, құтыру, сібір жарасы (күйдіргі), листериоз, лептоспироз,туляремия, орнитоз, сальмоннелез, эхинококкоз, трихиннеллез, дикроцелиоз, дерматомикоз (грибок) т.б. аурулар жатады. Бұл аталған аурулармен адамдар да ауыратындықтан немқұрайлылық танытпауымыз керек.
Бұған дәлел ретінде айта кететін жәйт облыс бойынша 36 адам эхиноккоккоз ауруына, 12 адам бруцеллез ауруына шалдыққан. Бұл аурулардың алдын – алу мақсатында басқа жақтан сатып әкеліп немесе белгілі бір себептермен мал алсаңыз, жануардың иесі ретінде малдың ветеринариялық паспортында көрсетілгенжануардың өзіне тән бірдейлендірілген жеке нөмірі, түрі, түсі, барлық егу, тексеру, зерттеу жұмыстарының бар жоқтығы туралы мәліметтерге аса мән беру және тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша ауданға немесе қалаға карасты ветеринариялық бөлімшеге хабарлау, малды карантиндеу арқылы басқа малдардан оқшаулап, қан алынып, зерттеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Сақтық шара ретінде алынған қан сынамаларының зерттеу нәтижелерінің қорытындысы шыққанша ауру не сау екенін білмейінше қорадағы басқа сау малдармен қосуға болмайтынын ескертеміз. Сіз осыәрекеттеріңіз арқылы жанұяңыздың, қоршаған ортаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз.
Жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардың алдын алу және жою мақсатында әрбір жеке және заңды тұлғалар,әсіресе мал өсірумен, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды өңдеу және сатумен айналысатын кәсіпкерлер ҚР Ветеринария Заңының 25 бабында көрсетілген талаптарға сәйкес,уақтылы вакцинация, диагностика жасатуға, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етуге, қора-жай, жемшөпті сақтауда, қоршаған ортаның ластанбауына, зоогигиеналық талаптарды сақтауға, жаңадан жануарлар сатып алғанда, сойғанда немесе сатуға өткізгенде, малды сояр алдында, сойғаннан кейін ветеринариялық – санитариялық сараптама жасамай сатуға, объектілерге ветеринариялық тексеру жүргізуге кедергі келтірмеуге,сонымен қатар төл алғанда жануарлар ауырған немесе қырылған жағдайда ветеринария саласындағы мамандарға хабарлауғаміндетті.
Жоғарыда көрсетілген талаптар орындалған жағдайда ғана ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болады.

Бір айта кететін жәйт облыс деңгейінде 2015 жылы 17 736 бас ІҚМ, 24 961 бас ҰҚМ, 4 616 бас жылқы, 23 670 бас шошқа, 7 бас түйе сойылған, осы сойыс малдарына
ветеринариялық санитариялық сараптама жүргізіліп, ішкі сауда объектілеріне сатуға босатылған.
Қазіргі таңда дұрыс тамақтану жолға қойылуда, алайда ол азықтың қайдан және қалай дайындалып жатқаны көпшілікті алаңдата қомайтын сияқты. Ас – адамның арқауы, ас тұрған жерде ауру тұрмайды демекші, ең басты күнделікті қолданылатын тағамдар (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, май, айран, ірімшік, құрт, балық өнімдері т.б) ауыл шаруашылық өнімдері болғандықтан, ең бірінші тағам қауіпсіздігіне мән берілуі қажет.
Ветеринариялық қызметтің негізгі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақтылы жүргізіп, қауіпті індеттерден адамдарды сақтандыру, инфекциялық, инвазиялық мал ауруларын жою, мал шығындарын азайту арқылы шаруашылықтарға келетін зиянды барынша азайту, жануар өнімдерінің өнімділігін арттыру және саулығын сақтау.
Ветеринария саласының рөлі тек қана ауыл шаруашылығында ғана емес, сонымен қоса экономикалық, биологиялық, медициналық санитариялық маңыздылығы да жоғары екенін оқырман ойына сала кетуді жөн деп санаймыз.

«Қарағанды облысының
ветеринариялық басқармасы»
мемлекеттік мекемесі

Дата cоздания: 20 Июня 2016 10:25
Дата редактирования: 20 Июня 2016 10:26
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана 2 сентября 2019
Официальный сайт президента Республики Казахстан
Стратегия Казахстан 2050 Наша сила
Официальный сайт премьер министра Республики Казахстан
Полезные ссылки
Показать всю карту сайта