жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы

Назад

Индустриалдық-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қарағанды облысынан Индустриаландыру картасына 10901 жұмыс орнын құқрумен 516,5 млрд.теңге сомасына 90 инвестициялық жоба енгізілді.

Республикалық Картаға бір мың астам жаңа жұмыс орынын құрумен жалпы сомасы 133,6 млрд. теңгеге «Жылына 6 млн.тонна құрышқа дейін өндірсті ұлғайтумен "АрселорМиттал Темрітау» дамыту және жаңғырту» жоба енгізілді. Барлық облысы аймақ Индустриаландыру картасына кірді. 2015 жылдың біріншіжартыжылдығында Шахтинск қаласында «Еңбек-Қарағанды» РМК № 41 тоқтап тұрған филиалының базасында «Тас төсеуіштерін, құрылыс материалдарын және инертті шаңдарды дайындау» («Казстроймарт 2050» ЖШС) жобасы енгізілді. Жобаның құны 499 млн.теңге. Кәсіпорындарда 118 жаңа жұмыс орындары құрылды. Ағымдағы жылы екінші жартыжылдығы облыста жалпы құны 79,3 млрд.теңге құнымен 9 жобаны іске асыру жоспарлануда, онда 632 жаңа жұмыс орыны құрылатын болады. Енгізілген Индустриаландыру картасының жобаларымен 33,5 млрд.теңгеге өнімдер өндірілді. Облыстың Үйлестіру кеңесінің отырысында 2015 жылдың бірінші жартыжылында 10 жоба қаралды. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының құрылысын аяқтау жоспарлануда, бұл арнайы экономикалық аймаққа (АЭА) инвесторларды тарту бойынша жұмысты белсендіруге жол береді. Енгізілген кәсіпорындармен («Изоплюс Оратлық Азия» ЖШС және «Бемер Арматура» ЖШС (инвестицияның жалпы сомасы – 5 млрд.теңге, жаңа жұмыс орындарының саны - 85) 1,2 млрд. теңгеден астам сомаға өнімдер өндірілді. АЭА аумағында өз қызметтерін жүзеге асыруға ынтасы бар инвесторларды іздеу бойынша жұмыстар жалғасуда, сондай-ақ АЭА басқарудың халықаралық тәжірбиесі бар стратегиялық серіктестіктерді іздеу. Қазіргі уақытта 4 жаңа компания тартылды, олар «Сарыарқа» СЭЗ резиденті мәртебесін алды. Жаңа жобалар бойынша инвестициялардың сомасы шамамен 35 млрд.теңгені құрайды. Өндіріс қуатының қосымша жүкетемесінің мүмкіндіктерін қарау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметімен кәсіпорындардың тізбесіне енгізілген (АҚ «АрселорМиттал Теміртау», ЖШІ «Қазақмыс Корпорациясы», АҚ «Еуразия Фудс», АҚ «Қарағанды кәмпиттері», АҚ «Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты», АҚ «Орталық Азия Цементі», ЖШІ «Казорталықэлектрқұбыры», ЖШІ «Қарағандырезеңкетехникасы») 8 жүйеқұраушы кәсіпорындардың тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін сатып алуда қазақстандық қамту мониторингі жүргізіледі. 2015 жылдың 1 тоқсанында қортыныдысы бойынша жүйеқұраушы кәсіпорындардың сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі 69,6% құрады немесе 51,2 млрд.теңге. Облыстың кәсіпорындары 613,9 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдерін өндірді немесе өткен жылына 110,8% .
Дата cоздания: 06 Тамыз 2015 10:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 06 Тамыз 2015 10:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы