жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -7°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
17 Шілде 2019

Сәтпаев тұғындарына арналып жаңа үйлер салынуда

Фото: karaganda-region.gov.kz

Сәтпаевта жаңа үйлер тұрғызылуда. «Нұрлы мекен» шағын ауданындағы үш бес қабатты тұрғын үй қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Тағы екі үй осы жылдың соңына дейін дайын болады. Барлық бес үйдің жалпы ауданы-14,3 мың шаршы метр. Онда 240 пәтер орналасқан. Қазір үш үйдің төбесі мен қабырғалары салынып жатыр. Қалған екі үйде құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүріп жатыр.
Өңір басшысы Весовая және Крестовка ауылдарынан жаңа үйлерге көшкен тұрғындардың пәтерлеріне барып қайтты. Облыс әкімі салынып жатқан үйлердің сапасына назар аударды. Қоныс тойын тойлаушылар жаңа баспаналарына риза екендерін жеткізді.
- Біз қысты осы үйде мекендеп шықтық, баспанамыз жылы болды. Қазір жаз, ыстық. Бірақ, сіздер көріп тұрғандай, пәтерде салқын. Бізде ауа салқындатқыштар жоқ, алайда бұл үйлер қыста жылы ал жазда салқын болатындай етіп салынған. Бұл өте жақсы. Оның үстіне пәтерді бізге жөнделген күйінде берді. Біз тек жиһаздарымыз бен заттарымызды алып кірдік, дейді өткен жылы Сәтпаев қаласының Весовая кентінен көшкен зейнеткер Наталья Березкина.
Облыс әкімі сондай-ақ «Нұрлы мекен» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Олар өңір басшысына балабақша мен музыка мектебінің құрылысы, сондай-ақ аулаларды абаттандыру туралы сұрақтар қойды.
- Балабақша құрылысы - бұл өзекті мәселе, ол айтарлықтай қаржылық шығынды талап ететді, шамамен 800 млн теңгедей. Біз осы мәселені екі жыл ішінде шешеміз. Музыка мектебіне келер болсақ, мен қаладағы өнер мектебін қайта жаңғыртуды ойластыруға тапсырма бердім, - деп жауап берді Ерлан Қошанов.
Облыс әкімі қысқа мерзімде жаңа шағын ауданның аулаларын абаттандыруды тапсырды. Орындықтар мен күркелер орнату керектігі де айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, Весовая, Крестовское, Рудничное және басқа ауылдардан тұрғындарды көшіру Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жүргізілуде. Алғашқы 15 көпқабатты тұрғын үй 2016 жылы тұрғызылды. Ол кезде 805 отбасы пәтер алды. Шағын ауданға магистральды жылу жүйесі салынып, үйлер қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілді, мұнда сондай-ақ жаңа мектеп салынды.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы