жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 17°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
17 Шілде 2019

Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Осы жылдың бірінші жарты жылдығында өңірдегі сыбайлас жемқорлық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 11,5%-ға төмендеді. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша Департаментінің басшысы Денис Шакенов хабарлады.

Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белсенді жүргізілуде. 2019 жылдың басынан бері өңірде «Сарыарқа - адалдық алаңы» жобасы жүзеге асырылуда. Өңірде фронт-кеңселер, Open Space және «адалдық дүкендері» қағидаты бойынша кабинеттер ашылуда. Бұл ретте Жезқазған әкімдігінде де жаңа форматтағы фронт-офис ашылды. Бұл жерде қала әкімі, жер қатынастары, білім, әлеуметтік қорғау және басқа да бөлімдердің қызметкерлері қабылдау жүргізетін болады. Келушілер тиісті кеңестерді алып, қажетті құжаттар мен анықтамаларды ресімдеп, балаларды балабақшаға кезекке қойып, мектепке оқуға жаздыра алады. Фронт-офис қала әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Мұндай шаралар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал етеді.
- Біз жемқорлық жойылған таза қоғамға айналуымыз керек. Бұл әсіресе шенеуніктерге қатысты. Бірінші кезекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту қажет. Біз сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз, – деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаментінің басшысы Денис Шакенов болса, жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті шараларды барлық басқармалар мен бөлімдердің басшылары қабылдауы тиіс екенін атап өтті.
- Тұрмыстық жемқорлық бүкіл мемлекеттік жүйенің жұмысына нұқсан келтіреді. Шағын және орта бизнестің қалыпты жұмысын тежейді. Әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті – жемқорлықпен барынша белсенді түрде күресу және оған деген төзбеушілік қалыптастыру, - деп атап өтті Денис Шакенов.
Осыған ұқсас фронт-офис Қарағанды да ашылатын болады.
Өңірдің мемлекеттік органдарында «Open Space» қағидаты бойынша сегіз кабинет пен төрт фронт-офис құрылды. Сонымен қатар, «Сарыарқа - адалдық алаңы» жобасы аясында білім беру ұйымдары басшыларының кабинеттері оңтайландырылады. 18 колледжде, 30 мектепте және жеті балабақшада директорлар бірінші қабаттардағы кабинеттерге көшті. Босаған кабинеттерде оқушылардың өздігінен дамуы мен демалуына арналған алаңдар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру аясында Қарағанды облысы бойынша 284 адалдық дүкені ашылды.
Өңір басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы жұмысты одан әрі жалғастыруды және бұл үшін цифрландыру әдістерін белсенді пайдалануды тапсырды.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы