жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 17°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
24 Мамыр 2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту жалғасуда

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысында алдағы уақытта 120 отбасы қоныс тойын тойлайды. Бұл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі және «Қазақмыс Холдинг» ЖШС арасында құрылған үшжақтық меморандум аясында мүмкін болып отыр. Аталмыш құжатқа министр Бердібек Сапарбаев, облыс әкімі Ерлан Қошанов және компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай қол қойды.
«Қазақмыс» өзінің көп балалы отбасы болып табылатын қызметкерлерін, сондай-ақ аз қамтылған қызметкерлер мен жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Компания әлеуметтік жауапкершілігі принципін қолдап, олар үшін 120 пәтер сатып алуға міндетін мойнына алып отыр. Оның қатарында 46 отбасы қоныс тойларын биыл атап өтеді.
Дәл осы Жезқазған қаласында 10 жыл бұрын еліміздің Тұңғыш Президенті бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы сөз қозғаған болатын.

«Қазақмыс» - еліміз бойынша Елбасы мен Мемлекет басшысының ұранын қолдап, әлеуметтік жауапкершілікті орындай бастаған алғашқылардың бірі болып табылады.

Қазіргі таңда компания өзінің қызметкерлеріне пәтерлер сатып алып қана қоймай, сонымен қатар көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға барынша көмектерін көрсетуде. Осылайша, әлеуметтік жауапкершілік принципін қолдауда.

- Елбасы «әрбір қазақстандық отбасы жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелерін алыс болашақта емес, бүгінгі күні сезінуі тиіс» деген болатын, - деп атап өтті Ерлан Қошанов келісімге қол қою рәсімінде. - Облыста 12 мыңнан астам көп балалы отбасы тұрады. Біз олардың проблемаларын белсенді шешідеміз. Бұл мәселеде біздің бизнес-қоғамдастықтарымыз да тыс қалмауды. Әлеуметтік белсенді компаниялардың бірі «Қазақмыс» корпорациясы,
«Қазақмыс Холдингі» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай науқан атаулы және жүйелі түрде көрсетілетін әлеуметтік көмек болатынын хабарлады. Көп балалы отбасыларға көмек көрсету - шешілуі тиіс басты мәселелердің бірі болып табылады.

- Атап айтқанда, жаңа пәтерлерді тек Жезқазған қаласының тұрғындары ғана емес, сонымен қатар Сәтбаев, Балқаш және басқа да елді мекендерінде біздің кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлер алады. Біздің тағы бір міндетіміз - қызметкерлеріміздің отбасыларына денсаулықтарын қалпына келтіруге, білім алуға жәрдемдесу, - деді Эдуард Огай.

Өз кезегінде, министр Бердібек Сапарбаев халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселелері, әсіресе, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекет пен бизнестің бірлескен іс-қимылын талап ететінін атап өтті.
- Елдің Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша министрлік бизнес-қоғамдастықпен және ірі кәсіпорындармен бірлесіп әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. 2018 жылы жалпы сомасы 90 млрд.теңгеге 700-ден астам меморандум жасалды. Жалпы, соңғы 10 жылда бизнес-құрылымдар әлеуметтік жауапкершілік аясында әлеуметтік жобаларға, демеушілік пен қайырымдылыққа 300 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді, - деп атап өтті министр.

Меморандумға қол қойылған соң 4-8 балалары бар 10 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді.

Бұл күні Бердібек Сапарбаев пен Ерлан Қошанов қоныс тойын тойлаған отбасылардың біріне барып қайтты. Көптен күткен баспанаға ие болғандардың бірі - 6 баланың анасы, жесір қалған Салтанат Нұрланова. Көпбалалы анаға жиһазы бар, жөндеуден өткен 4 бөлмелі пәтер берілді.
- Бұған дейін біз пәтер жалдап тұруға мәжбүр болдық. Ақшам тек екі бөлмелі пәтерге ғана жетті. Менің кәсіпорында вахтер болып жұмыс істеймін, 6 баланы жалғыз тәрбиелеп отырмын, оның 4-і кәмелетке толмаған. Мен «Қазақмыс» компаниясына шексіз алғысымды айтамын. Елбасы көпбалалы аналарға көмек көрсету туралы тапсырма бергені қандай жақсы болды, - дейді Салтанат.

Жалпы жыл соңына дейін Қарағанды облысында 560 көпбалалы отбасы жеке баспанасын иеленеді.

 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы