жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 22°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
13 Желтоқсан 2018

Шахтинскіде жаңа ғимаратта көркемөнер мектебі мен «Кемеңгер» техноорталығы ашылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Шахтинск қаласының болашақ суретшілерінде енді өз ғимараттары бар. Ондаған жылдар бойы оқушылар балалар-жасөспірімдер орталығында жалға алған бөлмелерде оқуға мәжбүр болған. Енді ол кешегі күнде қалды. Бүгін оқушылар үшін шығармашылықтарын дамытуға анағұрлым жайлы жағдай жасалды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында заманауи көркемөнер мектебі өз есіктерін айқара ашты. Қазір онда 6-дан 18 жасқа дейінгі аралықтағы 300-ден астам бала оқып жатыр. Жаңа ғимаратқа көшкелі оқушылардың саны 550-ге дейін ұлғая алады. 33 сыныпта балалар сурет, гарфика, компьютерлік графика, мүсіндеу, дизайн және да шығармашылықтың басқа да бағыттары бойынша дәріс ала алады. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де барлық жағдай жасалған, мектепте қазіргі таңда осындай 12 оқушы оқып жатыр.

- Мен бұл мектепте 8жыл оқып жатырмын. Мектебіміз көшкеніне өте қуаныштымын, бұрындары ыңғайсыз, тар болатын. Ал енді түрлі кабнеттер бар, жаңа бағыттар пайда болды және көптеген жаңа қызықты заттарды білуге болады, - дейді Екатерина Черноусова.

Бұл мектеп кең әрі жайлы. Мекемені безендіруге шығармашылық тұрғыдан тоқталған. Шахтинск қаласының білім бөлімінің жетекшісі Николай Онсовчтің айтуынша, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жігерлендірген.

- Бізді ұлттық тамырымызды сақтап қалу тақырыбы жігерлендірді. Сондықтан интерьерімізде ағашты бейнелеу идеясы туындады. Оның тамырлары бар, онда жемістерді бейнелейтін шарлар салынған. Ол мектептің ертеңгі күні қалаға, елге беретін жемістері. Жемістер түседі, бірақ тамыр әрдайым қалады, - деп түсіндірді Николай Онсович.

Төрт қабаттың әрқайсысының қабырғалары түрлі түстерге боялған: қызғылт-сары, сары, күлгін және жасыл. Ол тек әсемдік үшін ғана емес. Түстер балаларға дәліздерде дұрыс бағыт таба алуға көмектесетін атқарымға ие. Ғимаратта сондай-ақ мектеп жанындағы шағын-кафе секілді балалар асханасы ұйымдастырылған. Мұнда оқушылар тек сурет салу икемдерін ғана емес, сонымен қатар аспаздық дағдыларын көрсете алады. Ол үшін арнайы ас әзірлеу орны жасалған. Шахтинс к қаласының білім бөлімі жетекшісінің айтуынша, мұнда басқа да мектептердің оқушылар үшін есік ашық.

Оқушылар мен ұстаздарды қоныс тойымен құттықтау үшін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов келді. Сыйлық ретінде көркемөнер мектебі 5 миллион теңгеге сертификат алды, ол қаражатқа қыш-құмыра өндірісіне арналған құрылғылар сатып алынады.

- Жаңа ,имараттың ашылуымен пайда болған жаңа мүмкіндіктердің арқасында біз оқу бағдарламасында екі жаңа бағыт аштық – тарихи өлкетану және археология. Бұл өте маңызды бастамалар,себебі тарих пен өнер әрдайым бірге келеді. Президен өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында балаларға өзінің туған жерін, өлкесін зерттеуі керектігін айтты. Балалара мұнда сонымен айналыса алатыны өте қуанышты, - деп атап өтті аймақ басшысы.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов Шахтинск қаласының балалар-жасөспірімдер орталығында болып қайтты. Онда «Кемеңгер» техноорталығы ашылды.

- Елбасынынң тапсырмасын орындай отырып, біз балалар-жасөспірімдер орталығының базасында «Кемеңгер» техноорталығын аштық. Бізде түрлі жатағы балалар оқиды. Бірінші сынып оқушысынан бастап, колледж студенттеріне дейін. Олар бірнеше бағыттар бойынша білім алады - «Архимед академиясы», «Роботтар лигасы», «Болашаққа қадам», "Polyglot" Мультимедиялық-лингафондық сыныбы, заманауи «FABLAB», Стем зерт ханасы, робототехника зертханасы. Полиглотта балалар техникалық тілді меңгереді. Сондай-ақ мұнда «Эврика парк» еркін аумағы бар. Онда балалар демалып, әсерлерімен бөліседі,өз идеяларын талқылайды, - деді Балалар-жасөспірімдер мектебінің дректоры Ирина Шмик.

Облыс әкімі сыныптарды аралып, балалар оған жұмыстарын көрсетті және робототехника саласындағы өз жетістіктері жайлы айтып берді. Орталыққа да техника және жабдықтар сатып алуға 5 мллион теңгеге сертификат табыс етілді.

- Сіздерді осы тамаша орталықтың ашылуымен құттықтаймын. Қала басшылығының және білім басқармасының басшылығының арқасында «Кемеңгер» техноорталығының ашылуына қаражат бөлінді. Жалпы, Шахтинск қарқынды түрде алға жылжып келеді, - деп атап өтт і Ерлан Қошанов. – Келесі жыл Жастар жылы деп жарияланды, сондықтан мереке қарсаңында біз осында көркемөнер мектебі мен техноорталық ашып отырмыз. Осының барлығы Президенттің тапсырмасымен жасалып жатыр. Балалар мен жасөспірімдер дамуы үшін жағдай жасалып жатыр. шахтинск – кеншілер қаласы. Кеншілердің еңбегі өте қиын, сондықтан біз бірінші кезекте олардың балалары үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Осы бағытта әрі қарай да жұмыс істейміз.

 

 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы