жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 16°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
11 Желтоқсан 2018

Қарағанды облысы Елбасының назарына катодтық мыс өндіретін зауытты ұсынды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысы Индустриаландыру күні аясында өткізілген жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасының назарына жаңа тау-кен металлургиялық кешенінің кәсіпорнын ұсынды. Шет ауданында салынған «Sary-Arka Copper Processing» ЖШС катодтық мыс өндіретін зауыт таныстырылды.
- «Sary-Arka Copper Processing» компаниясы «Алмалы» кен орнында катодты мыс өндіру зауытын тестілі түрде іске қосты. Қазіргі таңда барлық сынақ жұмыстары аяқталып, алғашқы 1000 тонна өнім шығарылды. Біз шашамен 550 жаңа жұмыс орнын ашпақпыз. Біздің кәсіпорын Индустрия 4.0 және өнеркәсіптік цифрландыруға көшу бағдарламасының талаптарына сай, - деп мәлімдеді Елбасына «Караван Ресорсиз ЛТД» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Сатылғанов.
Ел Президенті жобаның толық өндірістік іске қосылуына бастау берді.
- Бұл еліміз үшін өте қажетті кәсіпорын. Жобаны толық қуаттылығына қосыңыздар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Зауыт жұмыскерлері Елбасына көрсетіліп жатқан қолдау мен әлеуметтік бастамалары үшін алғыстарын білдірді.
- Сіздің Қазақстан халқына Жолдауыңыздың арқасында біздің ұжымда еңбекақы өсірілді. Мен қазір айына 500 мыңға жуық жалақы аламын, - деді экстракция және электролиз цехінің бастығы Нұркен Жолдасов.
Катодтық мыс өндіретін зауыттың құрылысының жобасы облыстық Кәсіпкерлікті қоллау картасына енгізілген. Оның құны – 14 млрд теңге. Зауыт аталмыш саладағы көшбасшылардың заманауи құрылғыларымен жабдықталған. Өндірісте инновациялық технологиялар қолданылады.
- Біз бүгін Елбасының батасын алғанымызға қуаныштымыз. Зауыт екі жылда салынды. Ол барлық стандарттарға және экологиялық талаптарға сай келеді. Қазақстанда осындай өндірістің баламасы жоқ. Кәсіпорын 10 мың тонна жоғары сапалы катодтық мыс шығарады. Өнім экспортқа шығарылады. Біз швейцарлық компаниямен келісімшартқа отырдық, - деді Қайрат Сатылғанов журналистерге берген сұхбатында.
Ол сонымен қатар зауыт аймақтағы жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға үлесін қосатынын айтты. Қазірдің өзінде мұнда облыстың 240 тұрғыны жұмыс істейді, олардың 158-і Шет ауданының тұрғындары.
Индустриаландыру күні аясында өткізілген жалпыұлттық телекөпір – ел экономикасын әртараптандыру, азаматтардың ахуалын жоғарылату бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылау. Бүгін индустриаландырудың екінші бесжылдығының төртінші жылының қорытындылары айтылуда.

 


 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы