жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
31 Қазан 2018

Ерлан Қошанов Теміртауда жаңадан қоныстанушыларға пәтер кілттерін табыс етті

Фото: karaganda-region.gov.kz


Теміртауда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 90-шы жылдары бос қалған көпқабатты үйлер қайта қалыпқа келтіріліп жатыр. Қаланың ескі бөлігінде қаусаған күйде қалған 90 пәтерлі үй қайта жөнделді. Қалыпқа келтірілген баспана кезекте тұрған қала тұрғындарына берілді.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жаңадан қоныстанушыларды құттықтады.
- Бұл сіздердің қалаларыңыздағы алғашқы да, соңғы да қоныстой емес деп ойлаймын. Тұрғын үй мәселесін шешу жұмыстары жалғастырылады. Құрылыс жүргізуге бізде мүмкіндіктер бар. Ол үшін «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламалары бойынша механизмдерді пайдаланамыз, - деді аймақ басшысы. – Теміртаудың дамуы Елбасының ерекше назарында тұр. Президенттің тапсырмасы бойынша алдағы айларда емхананың құрылысы басталады. Сонымен қатар балабақша және спорт кешені салынады. Жәнеде теміртаулықтарды алаңдатып отырған ең басты сұрақ - жылумен қамту мәселесі де шешіліп жатыр.
Көпқабатты үйді қалыпқа келтіруге 450 млн теңге жұмсалды. Қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді.
Баспана жалға беру шартымен берілді. Көптен күткен пәтер кілттерін 83 отбасы алды – ол мүгедектер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, жалғыз басты аналар және т.б. Жаңадан қоныстанушылар қатарында 27 жетім балалар да бар.
- Арманымыз орындалды – біз жолдасым екеуіміз және үш баламызбен 10 жыл бойы пәтер жалдап тұрдық, енді өзіміздің шаңырағымыз пайда болды. Үш бөлмелі пәтер алдық, - деп мектеп мұғалімі Жаңыл Алданышқызы қуанышты жаңалығымен бөлісті.
Бір бөлмелі пәтерді 20 жасар «SOS Теміртау балалар ауылының» тәрбиеленушісі Ербол Нүрпейісов те алды. Ол техникалық ЖОО-да «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша грантта оқиды. Енді оны мемлекет баспанамен қамтамасыз етті.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы