жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 19°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
17 Қыркүйек 2018

Қарағанды облысында алғашқы қазақстандық мыстың балқытылуының 90 жылдығы атап өтілді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының Қарсақпай кентінде мерейтойлық дата – алғашқы қазақстандық мыстың балқытылуының 90 жылдығы ауқымды түрде атап өтілді. Бұл оқиға алғаш рет 1928-ші жылдың 19-шы қазанында болған еді.
Металлургтерді Қарағанды облысының әкімі құттықтады. Өзінің құттықтау сөзінде Ерлан Қошанов Қарсақпай зауытының маңыздылығын атап өтті.
- Осыдан 90 жыл бұрын Қарсақпайда атаулы оқиға – Қазақстандағы бірінші мыс балқыту болған. Тарих үшін бұл керемет ұзақ уақыт емес, дегенмен осы уақыт аралығында көптеген оқиғалар болды. Қаныш Сәтпаевтың ғылыми қызметі де осы жерден бастау алған, мұнда біздің еліміздің алғашқы металлургтері еңбек еткен. Сондықтан тек аймағымыз үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін зауыт жұмысын жалғастырғаны маңызды, себебі ол тарих, біздің металлургиямыздың бастауы.
Қарсақпайдағы мыс балқыту зауыты Қазақстандағы алғашқысы болды. Мұнда химиялық құрамы ерекше болып келетін жезқазғандық мыс рудасын өңдеудің жаңа технологиялары игерілген. Соңыра ол технология Оралдағы және Балқаштағы зауыттарды жобалау кезінде пайдаланылған.
- Біздің мыс жоғары сапасымен ерекшеленеді, онда қоспалар үлесі аз. Қарсақпай мысы Кеңес Одағында ең үздік болатын. Мүмкін сондықтан болар, кен орны металлургия саласындағы көптеген дағдарыстарды өткерсе де, зауыт осы күнге дейін жұмысын тоқтатпай келеді,- дейді металлургия саласында 57 жыл қызмет еткен Қарсақпай кен орнының металлург ардагері Виктор Лавецкий.
Қарсақпай тек сапалы мыспен ғана емесе, сонымен қатар білікті мамандары, қызметкерлерімен де өте танымал болған. Мұнда өздерінің еңбек жолын тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Кеңес Одағының атақты металлургтері бастаған.
- 1954-ші жылы мені жас маман ретінде Қарсақпай мыс балқыту зауытына бағыттады. Мен мұнда 50 жыл жұмыс істедім. Мен осында енді ғана жұмыс істей бастағанда зауыттың өнімділігі жылына бес мың тоннаны құраған болатын. Ал мен зейнеткерлікке кетерде ол көрсеткіштер бірнеше есе өскен. Біз осындай тарихи кәсіпорынды дамытуға үлесімізді қосқанымызды мақтан тұтамыз, -деді ардагер-металлург Нығмет Ілиясов.
Бүгінгі таңда зауыттың негізгі қызмет түрі «Kazakhmys Holding» ЖШС кәсіпорындары үшін шойын заттарды дайындау болып табылады. Зауыт компанияның рудниктері, фабрикалар мен зауыттары пайдаланатын құрылғылардың қосалқы бөлшектері секілді шамамен 80-ге жуық өнімдерді жасап шығарады.
Аймақ басшысы және мереке қонақтары қайта қалыпқа келтірілген Қаныш Сәтпаевтың мұражай үйінде болып қайтты. Бұл үйде ғалым тек отбасымен тұрып қана қоймай, Қазақстандағы алғашқы геологиялық-барлау конторасын ашқан. Ол жайлы естелік тақтада айтылған. Бұл ғимарат 1969-шы жылдан бастап келушілер үшін есігін айқара ашты. Қазіргі күні мұражай-үйде 3 мыңға жуық жәдігерлер бар.
Салтанатты шара барысында үздік металлургтер мен ардагерлерге Қарағанды облысы әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. «Қазақмыс» корпорациясы оларға автокөліктердің кілтін сыйлады. Мерекелік той-думан спорттық сайыстармен және концерттік бағдарламамен жалғасты.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы