жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 22°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
27 Тамыз 2018

Ерлан Қошанов Абай, Саран, Шахтинск қалаларының тұрғындарын кеншілер күнімен құттықтады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Саран, Шахтинск, Абай қалаларының тұрғындарын Шахтерлер күнімен құттықтады. Ерлан Қошанов осы қалаларда өткен мерекелік шараларға қатысты.
- Шахтерлер күні – біздің аймақ тұрғындары ең жақсы көретін мерекелердің бірі. Кеншілер - рухы мықты адамдар. Менің оған көзім жетті. Шахта мықтыларды таңдайды және рухы күштілер шахтаны таңдайды. Мен біздің аймақтың ғана емес, ел экономикасының өрлеуіне өлшеусіз үлес қосатын сіздердің ерен еңбектеріңізге алғыс айтқым келеді. Кеншілер дәстүрін жалғап, шахтерлер әулетінің негізі болып табылатын ардагерлерге жеке ризашылығымды білдіремін, - деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.
Әр қалада аймақ басшысы өз сөзінде абаттандыру мен тұрғын үй құрылысына тоқталды. Саран қаласының тұрғындарына 80 пәтерлі жаңа үй пайдалануға берілетінін айтты. Бұдан бөлек РТИ аумағында бос қалған апатты жағдайдағы үйлерді қайта қалыпқа келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанына тоқталды. Дубовка кентінде көп жылдан бері түйіні тарқатылмай тұрған сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілетінін айтты.
Абай қаласында сөйлеген сөзінде Ерлан Қошанов жаңа тұрғын үйдің құрылысы туралы тілге тиек етті. Сондай-ақ, 2019 жылы қаланың кәріз жүйесін жөндеуге және жаңғыртуға 4 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті.
Шахтинск тұрғындарын облыс әкімі келесі жылға жоспарланған спорт сарайының құрылысы мен 64 пәтерлі үйдің салынатыны жөніндегі жаңалықпен қуантты. Бұдан бөлек, жас дәрігерлерге арналған 32 пәтер пайдалануға берілмек. Бұл қалада медициналық қызметкерлер тапшылығы мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік береді.
Бұл қалалардың тұрғындарын облыс әкімімен бірге «АрселлорМиттал Теміртау» компаниясының бас директоры Парамжит Калон құттықтады. Ол кеншілерге алғыс білдіріп, келесі жылы шахталарды жаңғыртуға бөлінетін қаражат көлемі ұлғаятынын жеткізді.
Тұрғындар алдында вокалды және хореографиялық ансамбльдер өнер көрсетті. Үш қалада да «АзияMix» КВН командасы әдемі әзілдерімен, ал белгілі қазақстандық жас әнші Әли Оқапов әсем әндерімен көрермендер көңілін көтерді.

 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы