жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 16°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
22 Маусым 2018

Жезқазғанның жаңа әкімі тағайындалды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Жезқазған қаласының әкімі болып бұған дейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының жетекшісі болып қызмет еткен Қайрат Бегімов тағайындалды. Қаланың жаңа басшысын активке Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов таныстырды.

- ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша менің жарлығыммен және қалалық мәслихаттые келісімімен Бегімов Қайрат Баяндыұлы Жезқазған қаласының әкімі болып сайланды. Қайрат Баяндыұлының еңбек жолы негізінен коммуналдық сала және құрылыспен байланысты болды. Сол себепті Жезқазған қаласының әкімі қызметіне үміткерлерді қараған кезде біз қаланың негізгі мәселелері тұрғын -үй коммуналдық шаруашылығымен байланысты екенін ескердік, - деді Ерлан Қошанов.

Жезқазғанның бұрынғы әкімі Батырлан Ахметов өз еркімен қызметінен кеткен болатын. ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген тағайындау тәртіптеріне сай, жаңа қала жетекшісінің кандиратурасы кезектен тыс сессияда жергілікті мәслихат депутаттарына ұсынылды. Депутаттар бір ауыздан үміткер Қайрат Бегімовты қолдады.

Қайрат Бегімов 1968-ші жылдың 23-ші ақпанында Қарағандыда туған. Екі жоғарғы білімі бар, 1992-ші жылы Қарағанды политехникалық институтты бітірген, 2004-ші жылы Алматының экономика және статистика академиясын тәмамдады. Мамандығы бойынша «Өнеркәсіп көлігінің инженері», «Қызметкерлерді басқарушы, экономист».
Еңбек жолын «Қарағанды көмір» бірлестігінде жекешелендіру және тұрғын үй бойынша бөлімнің басшысы болып бастады.
90-шы жылдардың соңында, ең үлкен коммуналдық дағдарыс болғанда, Қайрат Бегімов Қарағанды аудандарының бірінде ТҮШК бөлімін басқарды. Кейін Октябрь ауданының әкімі, Коммуналдық мәселелер бойынша Қарағанды әкімінің орынбасары, онан соң Қарағанды облысы Құрылыс басқармасының жетекші орынбасары болып қызмет етті.
2015-ші жылыдң шілде айынан бастап жаңа тағайындауға дейін Қарағанды облысы Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы