жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
15 Маусым 2018

Саранда 2019-шы жылы бес қабатты тұрғын үй қолданысқа беріледі деп жоспарлануда

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысынң әкімі Ерлан Қошанов Саранға жұмыс сапары барысында жалға берілетін үйдің құрылысымен танысып, абаттандырылған аулалар мен гүл бақтарын аралап шықты.
120 пәтерлі бес қабатты үй 1А ықшам ауданында салынып жатыр. мердігер компания «ККК ЛТД» ЖШС болып табылады. Жұмыстар биылғы жылы басталды, үйді қолданысқа 2019-шы жылдың күзінде беру жоспарланып отыр.
- Қазір бізде баспана алуға кезете 1500 адам тұр. Бұл үйдегі пәтерлер жалға берілетін болады, бірінші кезекте оларға әлеуметтік қорғалмаған халықтар кіргізіледі, - деді Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов.
Құрылыс ауданы 1500 шаршы метрден асады. Барлығы үйде 120 пәтер бар: 60 – бір бөлмелі, 36 – екі бөлмелі және 24 – үш бөлмелі.
Айта кету керек, Саран қаласында көпқабатты тұрғын үйлер бірнеше жыл салынбаған екен.
- «ККК ЛТД» ЖШС – ең жақсы құрылысшылардың бірі. Олардың тапсырған үйлері ешқандай сынға алынбаған. Келесі жылы бұл үйдің құрылысы аяқталып, біз пәтер кілттерін кезекте тұрған азаматтарға табыс ететін боламыз, - деді Ерлан Қошанов.
Облыс әкімі ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша абаттандырылған 1А ықшам ауданында орналасқан аулаларды аралап қайтты. Мұнда бес тұрғын үйлердің кіреберістері, шатырлары, жертөлелері жөнделді. Аулаларында балалар ойын алаңдары және жасанды газон төселген спорт алаңдары жасалды.
Одан әрі Ерлан Қошанов Абай көшесі бойындағы №№5 және 9 үйлерге бет алды. Онда үйлердің сырттары жөнделген. Үйлердің арасында шағын гүл бағы орнатылды. Жұмыстар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша, жәнеде демеушілер қаражатына жасалған.
Барлығы Саранда тұрғын үй аумақтарында орналасқан 40 аула бар. Өткен жылы абаттандыру жұмыстары олардың онында жасалды. Биылғы жылы да жұмыстар жалғасуда. Барлық аула аумақтарын қалыпқа келтіруді қала әкімшілігі 2019-шы жылдың соңына дейін жүзеге асыруды жоспарлап отыр.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы