жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 22°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
15 Маусым 2018

Сарандағы гемодиализ орталығы күн сайын 10 емделушіні қабылдай алады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Саран қаласында гемодиализ орталығы таныстырылды. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік бойынша ашылған медициналық орталықтың жұмысымен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов танысып қайтты.
Жобаның инвесторы бүкіл еліміз бойынша гемодиализ клиникаларына иелік етіп отырған «B.B.NURA» ЖШС болды. Сарандағы орталықтың құны шамамен 80 млн теңгеге жетті.
Бүгін орталықта бес жасанды бүйрек аппараттары жұмыс істейді. Оның ішінде біреуі гепатит секілді қосымша дерттерді жұқтырған науқастарға арналған. Тағы біреуі әзірге резервте, қалған үшеуі толыққанды жұмыс істеп тұр.
Барлығы Саран мен Ақтаста гемодиализге зәру 20 науқас есепке тіркелген. Осыған дейін олар процедуралардан өту үшін аптасына үш реттен Қарағандыға баруға мәжбүр болатын. Енді ондай қажеттілік жоқ.
Қазір сарандық орталық 12 науқасты емдейді, олардың қатарында Топар, Жаңа Дубовка және Ақтас кенттерінің тұрғындары да бар. Медициналық қызметкерлердің айтуынша, қалғандары өз еріктерімен облыс орталығына барып келуді жалғастыруда.
Саран қаласындағы гемодиализ орталығының штатында нефролог дәрігер, реаниматолог, екі медбике, санитар және жүргізуші жұмыс істейді. Тәулігіне олар алты процедура өткізеді. Алайда орталықтың қуаттылығы күн сайын 10 емделушіден қабылдауға қауқарлы.
- Орталық қазіргі заманғы жоғары технологиялық аппараттармен жабдықталған, емделушілер процедуралар арасында өздерін жайлы сезінеді. Олардың әрқайсысына біз бір процедура үшін 27 000 теңге көлемінде мемлекеттік тапсырыс қарастырамыз. Бұл сомаға гемодиализдің өзі, қосалқы дерттерді және анемияны түзету, тамақтану – тіске басар және міндетті түрде еті бар тағам кіреді. Айына бір емделушіге мемлекеттік тапсырыс құны 300 мың теңгеден асады, - деді Саран қаласының орталық ауруханасының директоры Гамаль Тоқсамбаев.
Облыс әкімі орталық жұмысына қанағаттанатынын жеткізді. Ерлан Қошанов қызметкерлерден медикаменттер жеткілікті ме деген сауал қойып, оң жауап алды.
Жақын уақытта инвестор «B.B.NURA» ЖШС осы секілді орталықты Жаңаарқа ауданында ашуды жоспарлап отырғаны белгілі.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы