жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 19°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
15 Маусым 2018

Саранда жас дәрігерлерге пәтер кілттері табыс етілді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Саранда Медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында жас дәрігерлерге пәтер кілттері берілді. Салтанатты шараға Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қатысты.
Пәтерлер бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан бұрыңғы тіс емханасы қайта жөнделіп берілді. Жатақханада 11 пәтер жөнделді: 8 бір бөлмелі және 3 екі бөлмелі. Оларды жас дәрігерлерге берді.
- Бүгін жақсы күн, осында тұратын, еңбек ететін және халық денсаулығын қорғайтын жас дәрігерлерге пәтер беріп жатырмыз. Мен тізімді қарап шықтым: барлық дәрігерлер еліміздің түрлі аймақтарымыздан келген екен, көбісі отбасы құрмағандар. Мен сіздер осы жерде жұмыстарыңыздан ләззат алып, жеке бастарыңыздың бақытын табатындарыңызға күмәнім жоқ,- деді Ерлан Қошанов.
Облыс әкімі жаңа қоныстанушыларды мерекелерімен құттықтап, оларға жемісті жұмыс пен мансап сатысымен жоғары шығуларын тіледі.
Жас дәрігерлерге арналған пәтерлерді жөндеуге жергілікті және облыстық бюджеттен 52 млн теңге жұмсаған. Техника мен жиһазды демеушілердің қаражатына сатып алынды.
Пәтер үлгісіндегі жатақханада әр тұрғын үйлерде ас үй, жуынатын бөлме мен кіреберіс, ал тұрмыстық техникадан – кір жуғыш машина, тоңазытқыш, су ысытқыш құрылғылар, теледидар және т.б. бар.
Пәтерлер Саран қаласының Орталық ауруханасының қарауында. Жас мамандар осы мекемеде жұмыс істегенше тұру құқығына ие.
- Біз жұбайымыз екеуіміз Қарағандыда, медициналық университетте оқып жүргенде таныстық. Мен өзім Екібастұздың тумасымын, әйелім Петропавлдікі. Менің мамандығын хирург, ол – терапевт дәрігер. Өткен жылы ЖОО тәмамдадық та, үйлендік. Университетте жүргенімізде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткен болатын, сол кезде бізге Саран қаласының Орталық ауруханасында жұмыс ұсынды, шарт бойынша жұмысқа орналассақ пәтер береміз деді. Біз келістік. Баспана үшін біз ақша төлемейміз, тек коммуналдық төлемді ғана өтейміз. Пәтерде қажеттінің барлығы бар, бізге барлығы ұнайды, - деді қоныстанушылардың бірі Самат Камалов.
Айта кету керек, жас медиктерді баспанамен қамту – аймақтағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Биылғы жылы облыстың әр қалаларында медициналық мамандарға 60 пәтер беру жоспарланып отыр.



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы