жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
06 Маусым 2018

Ұлытауда шілдеде «Жезкиік» І Халықаралық фольклорлық ұжымдар фестивалі өтеді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысында шілденің 12-нен 14-не дейін «Жезкиік» І Халықаралық фольклорлық ұжымдар фестивалі өтеді. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылып, Қазақстанның киелі жері – Ұлытауда өтпек.

Аймақ басшысы Ерлан Қошанов Жезқазғанға жұмыс сапары барысында ауқымды мәдени форумға дайындық мәселелрі бойынша жиналыс өткізді. Қазіргі таңда фестивальдің концепциясы мен бағдарламасы дайын. Ұлытау ауданының Болатсай жерінде қолөнер шеберлеріне арналған шатырлар мен киіз үйлер тігілген этноауыл құрылады. Мұнда 13-ші шілдеде фольклорлық музыка фестивалі өтеді. Оған Мексика, Перу, Польша, Түркия, Франция, Шотландия, Жапония, Ресей, Тәжікстан және Қазақстаннан кәсіби ұжымдар келіп өнер көрсетеді.
14-ші шілдеде фестиваль Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасының жағалауында жалғасады. Мұнда шараға арналып сахна орнатылып жатыр. Онда әр елден келіп бас қосқан 17 солистің қатысуымен Классикалық музыка фестивалі өтеді. Жезқазғанның басты көшелерімен фестивальге қатысушылар шеруі және Гала-концерт өтеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ Кеңгір су қоймасында желкенді кемелер Фестивалі ұйымдастырылады.

- Бұл шара халықаралық деңгейде, жәнеде оған лайықты дайындалу қажет. Барлық техникалық мәселелерді талқылау үшін бір аптадан соң Қарағандыда бас қосамыз, - деді Ерлан Қошанов.



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы