жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
09 Сәуір 2018

Ерлан Қошанов әуеден аймақтағы су тасқыны жағдайын бақылап шықты

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өткен сенбі, сәуірдің 7-де тікұшақпен су тасқыны қаупі бар аумақтарды ұшып, аралап шықты.
Авиамаршрут 580 шақырымнан астам қашықтықты құрап, төрт ауданды қамтыды: Бұқар Жырау, Қарқаралы, Шет және Абай. Тус тасқыны қаупі жоғары аумақтар бақыланып, Самарқанд, Шерубай-Нұра, Ынтымақ, Жартас және Ащысу су қоймаларының, сондай-ақ Нұра, Шерубай-Нұра,Ащысу, Матақ, Жарлы өзендерінің арналары тексерілді.
Аймақ басшысымен қоса ұшу барысына облыстық ТЖД бастығы Ыбрахым Күлшімбаев, аудан әкімдері, мемлекттік орган жетекшілері қатысты. Облыс әкімі биылғы жылы ерігер қар суынан адамдар қаншалықты жақсы қорғалғанын өз көзімен қарап шығуды ұйғарған.
Жыл сайын арнасынан шығатын өзендердің жағаларында қорғау бөгеттері салған және басқа да сақтандыру шаралары ұйымдастырылған. Ол елді мекендерге су кіру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
Өткен жылдармен салыстырғанда қардағы су көлемі төменірек. Әуеден бақылау барысында өзендердегі судың деңгейі төмендегені байқалады, су тасу және арнасынан шығу қаупі жоқ.
Қазіргі таңда Самарқанд су қоймасынан 15 м³/с., Ынтымақ су қоймасынан - 20 м³/с көлемінде су жіберіліп жатыр. Ірі су қоймаларынан уақытында су жіберіп отыру шарасы өзендердің арнасын жуып өтуге, сондай-ақ су қоймаларында еріген қар суын сыйдыратын бос орын дайындауға мүмкіндік берді.
Аймақтағы су тасқынына қатысты жағдай қайлыпты жәнеде үнемі бақылауда. Жедел штаб күн сайын жағдайды қадағалап отыр.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы