жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -9°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
25 Қаңтар 2018

Ақтаудағы көп жыл бойы созылып келе жатқан ауыз су мәселесі 2018-ші жылы шешіледі

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Теміртау қаласының маңында орналасқан Ақтау кентінде болып қайтты. Аймақ басшысы цемент зауытының жұмысымен танысты, жергілікті мектепте, емхана және спорт кешенінде болып, модульді қазандықты қарап шықты. Сонан соң облыс әкімі кент әкімінің халықпен кездесуіне қатысты.
Ақтау кентінің әкімі Тимур Ақыбаев 2017-ші атқарылған жұмыстар туралы айтты және 2018-ші жылға құрылған жоспарлармен таныстырды. Кент қажеттіліктеріне биылғы жылы бюджеттен 204,6 млн теңге бөлінгенін мәлімдеді ол. Бұл қаражат әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға үйді-үйлеріне көмек көрсетілуге, жұмыспен қамту, мектепке дейінгі тәрбиеге және т.б. бағыттарға жұмсалады. Шамамен 30 млн теңгеге жуық қаржы автожолдардың орташа жөндеуіне бағытталады.
Ақтау кентінің тұрғындары анағұрлым өзекті мәселелерін ортаға салды. Олардың бірі – кенттің ауыз сумен қамту. Ауыл тұрғындарына біренеше жылдан бері жаңа су таратқыш салынады деп уәде берілген.
- Мен бүгін сіздермен кездесуге арнайы келіп отырмын – Ақтау кентінің тұрғындарынан көп шағымдар келіп түсіп жатыр. Алдын ала әлеуметтік нысандарды аралап шықтым, барлығын өз көзіммен көргім келді. Сіздердің проблемаларыңыз жайлы білеміз – біртіндеп шешетін боламыз. Мен оған уәде беремін, - деді Ерлан Қошанов.
Ол бірінші кезекте үш негізгі проблемалар белгіленетін атап айтты: жылу және сумен қамту, сонымен қатар баспана тапшылығы.
- Бұл мәселелер бұрыннан қордаланып келеді. Оларды бір езетте шешу мүмкін емес – біртіндеп бастаймыз, - деп түсіндірді аймақ басшысы. – Суға тоқталар болсақ. 2018-ші жылы су таратқышты өткізуге жобалық-сметалық құжат әзірлейміз. Бұл процессті барынша жылдамдатуға тырысамыз, келесі жылы жұмысқа кірісіп кетуге мүмкіндік болу үшін.
Жылумен қамту мәселесі тұрғындардың пікіріне сүйене отырып шешілетін болады деді Ерлан Қошанов. Орталықтандырылған қазандық саламыз ба әлде модульді жылыту жүйелерімен ғана шектелуге болатынын шешуіміз қажет. Мәселе бағада: орталықтандырылған қазандықтан келетін жылу тұтынушылар үшін қымбатқа соғады – шамамен бір шаршы метрге 200 теңгеден. Облыс әкімі өзінің ТКШ және энергетика саласын қадағалайтын орынбасарына барлық есептемелерді зерттеп, сонан соң шешім қабылдауды тапсырды.
Ақтауда баспанаға кезекте 96 адам тұр. Облыс әкімі пәтер мәселесін шешу үшін кенттегі ондаған бос қалған үйлерді жөндеуді ұсынды. Ол үшін үйлердің жағдайын зерттеп шығу қажет.
Спорт кешенін аралау барысында Ерлан Қошанов залдағы суыққа назар аударды. Медициналық мекемеде де салқын болып шықты. Ол кідірместен жылумен қамту мәселесін реттеуге тапсырма берді – келушілер жаурамауы тиіс.
Кездесу барысында сонымен қатар кент көшелерін жарықтандыруға бюджеттен қаржы бөлінгені туралы айтылды.
Ақтауда 7000-нан астам адам тұрады. Кенттің жүйеқұрушы кәсіпорны «Central Asia Cement» АҚ болып табылады.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы