жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 10°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
25 Қаңтар 2018

Ерлан Қошанов ағаштардың беталды орылуын доғаруды талап етті

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Теміртауды жаппай көгалдандырумен айналысуды тапсырды. Аймақ басшысы металлургтер қаласындағы экологиялық жағдай бойынша кеңейтілген жиналыста ағаштардың беталды орылуына қатысты наразылығын білдірді.
- Бүгін қала бойымен өтіп бара жатып, мен айналадағы жанға батар бейнені көрдім. Металлургтер даңғылы бойында ағаштарды кім кескен, оған кім рұқсат берген? Ағаштардың орнына құр бағаналар қалған. Қаладағы ағаш кесуді кім бақылайды? – деп сұрады Теміртау қаласының басшылығынан Ерлан Қошанов.
Өндірістік қалада жасыл желектердің, саябақтар мен гүлзарлардың санын көбейту керектігін ол атап айтты.
Облыс әкімі үш жылдық бюджет шеңберінде Теміртау қаласының экологиялық қалыпқа келтірілуінің Кешендің жоспарын құруды тапсырды. Ол жаппай ағаш отырғызуға баса назар аударуды талап етті.
Аймақ басшысы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына және басқа да өнеркәсіптік өндіріс ошақтарына «Қазақмыстан» үлгі алуға шақырды. Корпорация өз қаражатына Жезқазған маңайындағы Кеңгір су қоймасының жағалауына 48 мың ағаш отырғызған.
Жасыл желектерді есепке алу және ағаштарды беталды оруды доғаруды қоғамдық ұйымдар да талап етіп отыр.
Ерлан Қошанов ынталы топты белсенді азаматтық көзқарастары және туған қалалары үшін жанашырлық білдіргені үшін алғыс айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Теміртау қаласының өнеркәсіптік өндірістеріндегі «қара қарға» байланысты оқиғадан соң табиғатты қорғау шараларының орындалуының кезектен тыс тексерістері басталған болатын. Облыс әкімдігінде экологиялық жағдайды және қалыпқа келтіру бойынша шараларды тексеру үшін жұмыс тобы құрылған.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы