жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 28°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
11 Желтоқсан 2017

Ерлан Қошанов Молодёжный кентінің түйіткілді мәселелерін кешенді түрде шешуді тапсырды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жұмыс сапарымен Осакаров ауданының Молодёжный кентінде болып қайтты. Аймақ басшысы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап шығып, жергілікті қауымдастық белсенділерімен кездесті. Тұрғындар облыс әкіміне өз кенттеріне қатысты проблемалармен бөлісті. Кей мәселелер келесі жылы шешімін таппақ.
Облыс әкімі «Балапан» балабақшасын аралап шықты. Мектепке дейінгі мекемені үш жыл бұрын «Қазақмыс» коммуналдық меншікке берген. 140 орынды балабақша бүгінгі таңда тек жартылай ғана толыққан. Себебі ғимараттың қалған бөлігі жөндеуді талап етеді. Биылғы жылы жылыту жүйесі мен шатырды жөндеу жұмыстары басталған. Жобалық-сметалық құжат әзірленуде, ол 2018-ші жылдың наурызында дайын болады деп күтілуде. Тек содан кейін ғана қаржыландыру мәселесі шешілетін болады.
Сонан соң Ерлан Қошанов кенттегі мектептер мен аурухананың жұмысымен танысты. «Ресурс орталығы» тірек мектебінде болып қайтқан соң аймақ басшысы оның негізінде интернат ашуды тапсырды.
Мектеп 1994-ші жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жоба бойынша ол бір мыңнан астам балаға шақталған, алайда мұнда небары 400 бала оқып жатыр.
- Мектептің жартысы бос тұр. Дегенмен басқа елді мекендерден, ауылдардан балаларды қабылдауға барлық жағдай бар. Келесі оқу жылында мұнда интернат ашылуы тиіс. Қазір бізде облыс бойынша 21 интернат бар. Күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен ақша бөлеміз, ал жабдықтау аудандық бюджет есебінен болуы тиіс, - деді Ерлан Қошанов.
Алдын ала есеп бойынша интернатты ұйымдастыруға 27 млн теңге қажет.
Билік басындағылардың жіті назарында жылыту маусымы да тұр. Молодёжный кентін «Қ. Сәтпаев атындағы канал» Қарағанды пайдалану басқармасының филиалы «Казводхоз» АММ қазандығы жылытады. 2017-ші жылы қазандықтар мен қосалқы құралдарды жөндеуге 7,6 млн теңге жұмсалған. Облыс әкімі жылу көзінің жұмысымен танысып шықты.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары аймақ басшысына «Осакаровка-Молодёжный» авто жолының жағдайына қатысты шағымдарын айтты. Көптеген мәселелер бойынша аудан орталығына ойдым-ойдым жолдармен жиі барып-тұруға тура келеді дейді жергілікті халық. Ерлан Қошанов бұл проблемамен таныс екенін, жәнеде оның шешілетінін айтып сендірді.
Ұзындығы 12 шақырым осы жол бөлігін жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Оның қорытындысы бойынша облыс республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы өтінім береді – 2018-ші жылы жұмыс басталады деп жоспарланып отыр.
Келесі жылы Молодёжныйда кентаралық жолдарды – екі көшенің жолдарын жөндеуге облыстық бюджеттен 40 млн теңге бөлінеді.
Молодёжный кентінде 6000-нан астам адам тұрады. Ауыл белсенділері жас мамандарға баспана салу керектігін тілге тиек етті.
Барлық проблемалар кешенді түрде шешілу керектігін атап өтті Ерлан Қошанов.
- Молодёжный кентінің кешенді даму жоспары бар. 2017-ші жылы көшелер жарықтандырылды және қоқыс контейнерлері орнатылды, жылу жүйелері және жарық шамдар бағаналары жөнделді. Қаражат облыстық және аудандық бюджеттен бөлінді. 2018-ші жылы кентті абаттандыру бойынша жұмыстар жалғасады, - деді Осакаров ауданының әкімі Нүркен Қобжанов.
Ерлан Қошанов жұмыс сапары барысында сонымен қатар «Разрез Молодёжный» ЖШС жұмысымен танысты. Кәсіпорын ашық тәсілмен тас көмір өндіреді.



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы