жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
20 Қыркүйек 2017

Қарағанды облысында егін ору кесте бойынша жүріп жатыр

Фото: karaganda-region.gov.kz

Мамандар биылғы жылы, жаздың құрғақ болғанына қарамастан, дәнді дақылдардың өнімділігі жақсы болатынын айтады. Қазірдің өзінде орташа өнімділік бір гектардан 9,1 центнер болып отыр. Болжам бойынша облыс шаруалары алқаптардан 700 мың тонна астық жинауы мүмкін. Биылғы жылы дәнді дақылдар 780 мың гектар жерге егілген, оның 627 мың гектары бидай.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов егін жинау науқанымен танысты. Аймақ басшысы Бұқар Жырау және Осакаров аудандарының ауыл шауашылық кәсіпорындарының алқаптарында болып қайтты.

Бірінші ат басын тіреген жері Қарағанды өсімдіктану және селекция ғылыми-зерттеу институтының (ҚӨСҒЗИ) егістік жерлері болды.

- Ауа райының қолайсыздығынан картоп өсу көрсеткіші төмендегенімен, біз өнімділікті жаңа техника мен тыңайтқыштардың арқасында ұлғайта алдық, - деп мәлімдеді аймақ басшысына «ҚӨСҒЗИ» ЖШС директоры Дамир Қалдыбаев. - Келесі жылдан бастап біз қуаттылығымызды арттырып, өзіміздің суарылатын жерлерімізді толық пайдаланатын боламыз. Дәнді дақылдарға келер болсақ, биылғы жылы бізде өнімділік жоғары. Біз 8 900 гектарға бидай, 1 472 га - арпа және 545 га сұлы ектік.

Ерлан Қошанов сонымен қатар Баймырза ауылдық округінде болып қайтты. Мұнда ол «Нұр-СХ» ЖШС-нің алқаптарындағы дәнді дақылдарды ору жұмыстарын бақылады. Аймақ басшысы егін жинауда пайдаланылатын техникаға баса назар аударды. Бидай көбінесе жұмыс өнімділігі жоғары «John Deere» комбайндарымен жиналады екен.

Осакаров ауданында облыс әкімі «Найдоровское» ЖШС-нің картоп және дәнді дақылдар алқаптарын қарап шықты. Биылғы жылы шаруалықта 100 гектар картоп егілген екен. Орташа өнімділік бір гектардан 25 тоннаны құрады. Келесі жылы «Найдоровское» ЖШС-нің картоп алқаптары 70 %-ға ұлғайтылады.
Айта кету керек, шаруалар жиналған картоптың 5 %-ын өз еріктерімен тұрақтылық қорына өткәзетін болады. Ол қор арқылы аймағымызда нарықтағы баға толқулары тұрақтандырылып отыратын болады.

Ерлан Қошанов аудан әкімдеріне келесі жылдары өнімділікті ұлғайту үшін суарылатын жерлердің ауданын кеңейтуді тапсырды.

- Жалпы облысымызда өнімділік бір гектардан 9,1 центнерді құрап отыр, - деп мәлімдеді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров. - Айта кету керек, биылғы жылы жауын аз болды. Өткен жылы жаңбыр көп жауған болатын, сондықтан рекордтық астық жинадық. Дегенмен биылғы жағдайға қарамастан нәтиже жаман емес. Бұл ретте субсидия ретінде мемлекеттен берілген қолдау көмегін тигізді. Егер өткен жылы біздің фермерлер 3 000 тонна элиталық тұқым сатып алған болса, биыл екі жарым есе көп - 6 700 тонна. Шамамен 8 % аумаққа элиталық тұқым егілді. Минералдық тыңайтқыштардың көлемін екі есе көбейтті. Бұл республика бойынша өте жақсы көрсеткіштер.

Келесі аптада облысымызда егін жинау жұмыстары аяқталуы тиіс.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы