жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
07 Маусым 2017

Ірі күн электр станциясының құрылысы Қарағанды облысының ЭКСПО-ға сыйлығы болады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының Саран қаласы маңында бүгін «SES Saran» ЖШС Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясының құрылысын бастады. Инвесторлары Еуропалық одақтың өкілдері. Жоба құны – шамамен 140 миллион еуро.
«Бүгін айтулы оқиға болып жатыр. Біз ең ірі күн электр станциясының құрылысын бастап жатырмыз. Бұл біздің аймақтың ЭКСПО-ға сыйлығы, - деді ашылу салтанаты барысында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов. – Инвесторларға, серіктестерімізге жобаларын жүзеге асыруда Қарағанды аймағын таңдағандары үшін алғысымды білдіргім келеді. Жаңартылған энергия көздерін дамыту – ол Елбасының тапсырмасы. Бүгінгі таңда облысымызда біз сол тапсырманы орындау үшін алғашқы қадамдар жасаудамыз».
Аймақ басшысы үлкен дайындық жұмыстары жасалғанын атап айтты. қазіргі уақытта заңдық және қаржылық мәселелер шешілген, барлық рұқсат процедуралары орындалды. Күн электр станциясының құрылысына 160 га көлемінде жер учаскісі бөлінген. Жобаның техникалық негіздемесі құрылып, сараптама қорытындысы алынды. «KEGOC» АҚ-мен бірге қуат шығару нұсқасы құрылды және құпталды, қосудың техникалық шарттары алынды.
«Біздің инвесторлар үшін бұған жетудің жолы күрделі және ұзақ болды, олар бес жылдан артық уақыт жұмсады. Бұл істің логикалық соңы осы жерде Орталық Азиядағы ең үлкен күн электр станциясы іске қосылғанда болады»,- деді Ерлан Қошанов.
Инвесторлардың айтуынша қазіргі уақытта құрылыстың басталуына барлығы дайын. Жоба бастамашылары Қазақстанда күн энергетикасын дамыту үшін барлық жағдай бар дейді. Қажетті аумақты таңдауда жергілікті биліктің қолдауы маңызды рөл атқарған екен.
«Бұл жобаны сәтті жүзеге асыруға байланысты барлық негізгі мәселелер шешілген. Біз бүгін күн электр станциясының құрылысын бастадық, оны 2018 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Біздің электр станциямыз қазақстандықтардың өмір сапасын жоғарылатуға септігін тигізетініне сенімдіміз. Біріншіден, бұл «жасыл» технологиялар және қоршаған ортаны ластанудан сақтайтын әдіс. Екіншіден, жаңа жұмыс орындарының ашылуы», - деді жобаның бас инвесторы Ян Зонненшайн.
Үкімет қаулысымен анықталған тұрақты бағаға электр энергиясын сатып алу электр станциясына көрсетілетін мемлекеттік қолдау болып есептеледі. Өз кезегінде аймағымыз тікелей шет елдік инвестиция мен қосымша таза электр энергиясына қол жеткізеді.
Белгіленген жер аумағында 370 мың күн панельдері орнатылады. Бір жылдық электр энергиясының өндіріс көлемі 145 млн кВт/с құрайды. Станцияның қуаттылығы - 100 МВт. Салыстырар болсақ, Саран қаласы 10 есе азырақ қуат жұмсайды.
«Бұл құрылысты біз негізі 2014 жылы дайындай бастадық. Сол уақыт аралығында Қазақстан «Жаңартылған энергия көздері туралы» заң қабылдады. Еуропалық одақ тарапынан қолдау таптық. Жобаны жүзеге асыруда Қарағанды облысы кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл ірі өндірістік аймақ, мұнда жақсы еңбек ресурстары мен қажетті негіздар бар», - дейді бас ғылыми кеңесші, Қазақстан мен Қырғызстандағы Словакияның бұрыңғы төтенше және уәкілетті елшісі Душан Подгорски.



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы