жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
20 Сәуір 2017

Ұлытау ауданының әкімі болып Әнуар Омар тағайындалды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Ұлытау ауданының әкімі болып 48 жасар Әнуар Омар тағайындалды. Ол бизнестен мемлекеттік қызметке оралды.
Ауданның бұрынғы әкімі Хамит Омаров зейнетке шықты. Әнуар Омардың кандидатурасы ҚР Президентінің әкімшілігімен келсілді және аудандық мәслихат депутаттарымен мақұлданды. Ауданның жаңа басшысын активке облыс әкімі Ерлан Қошанов таныстырды.
«ҚР Президентінің Жарлығымен белгіленген тағайындау тәртібіне сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өткізілді. Аудан әкімінің қызметіне Омар Әнуар Серікбайұлының кандидатурасы ұсынылды. Мәслихат депутаттары өз келісімін берді», - деді Ерлан Қошанов.
Аудан активінің отырысында облыс әкімі аймақты дамыту, стратегиялық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру міндетін алға қойды.
Әнуар Омар 1968 жылы 13 маусымда Алматы қаласында туған. Үш жоғары білімі бар, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген. Біліктілігі бойынша: орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиет мұғалімі, заңгер, экономика бакалавры.
БАҚ-та жұмыс істеген – Жезқазған мен Сәтбаевта газеттің тілшісі және бас редактордың орынбасары болған. Мәдениет саласында қызмет еткен. Т. Қалмағанбетов атындағы филармонияны және Жазқазған облыстық филармониясына жетекшілік еткен. Жезқазған мемлекеттік мұражайының директоры болған.
2010 - 2016 жылдары мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Ұлытау ауылдық округінің әкімі, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары, содан кейін әкімі, Сәтбаев қаласының әкімі болған.
Содан кейін кәсіпкерлікпен айналысқан. 2016 жылдың наурыз айынан бастап осы күнге дейін Астанада «Smart SoIution» ЖШС-нің даму жөніндегі директоры болған.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы