жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
27 Наурыз 2017

Қарағанды облысының әкімі орта мектептердің проблемаларымен таныс болды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Ерлан Қошанов Оңтүстік-Шығыста орналасқан № 23 орта мектепте болды. Мұнда Барлығы 1900 жуық бала үш ауысыммен оқиды. Білім мекемелеріне тән проблемаларды анықтау үшін баратын мектепті әкім өзі таңдады.
Ең алдымен ол төменгі сынып оқушыларының кабинеттерін аралады. Педагогтардың бірінші сыныпқа арналған жаңа жүйемен жұмысы таныстырылды. Ең басты проблема – қағаз жетіспеушілігі. Мұғалімдер бақылау және өзіндік жұмыстарды оқушыларға өздері басып шығарады және әрқайсысына жеке портфолио жасайды. Бір тоқсанда қағаз алуға орта есеппен 15 мың теңге қажет. Бюджетте тиісті қаржы қарастырылмаған. Педагогтар қағазды өз ақшасына алуға немесе ата-аналардан көмек сұрауға мәжбүр.
– Білім басқармасының басшысы ретінде сіз осыны дұрыс деп санайсыз ба? – деді облыс әкімі Асхат Аймағамбетовқа қаратып айтқан сөзінде. – Бұл мемлекеттік мекеме емес пе, мұғалімдердің еңбекақысы төмен, оның үстіне шығындалады. Бұл мәселені шешуді тапсырамын.
Сонымен қатар, аймақ басшысы ұл балалардың еңбек кабинетінде болды. Оқытушылардың айтуынша, станоктар мен оқу құралдары тозған. 2013 жылы бірнеше жаңа верстак пен бір станок алынды. Қалған жабдықтар 1999 жылы сатып алынған.
Жалпы, облыста 245 мектепте «Технология» пәні бойынша жабдықтарды жаңарту қажет.
Әкім жаңа жабдықтарды сатып алу мәселесін шешуге уәде берді. Аймақ басшысы мектеп асханасын да аралады. Аймақтағы әрбір мектептің асханасындағы басты проблема – ескірген және жартылай жұмыс істемейтін жабдықтар. Мектеп жанындағы асханалардың бәрі жалға беріледі. Заң бойынша жалгерлермен келісім бір жылға жасалады. Сондықтан жабдықтарды ауыстыруға қомақты қаржы жұмсау олар үшін тиімсіз. Білім басқармасының басшысы Асхат Аймағамбетов бұл тығырықтан шығудың жолын ұсынды.
– Біз үкіметке асханаларды МЖӘ-ға (мемлекеттік-жеке меншік әріптестік) ауыстыру және жалға алушылармен келісімді бес жылға дейін жасау туралы заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынбақпыз, – деді ол. – Сонда жабдықтарды ауыстыруға қаржы жұмсау тиімді болады, өйткені ол адам бұл жерде ұзақ істейтініне сенімді болады.
Облыс басшысы бұл бастаманы қолдады. Бұдан басқа, ол спорт залы мен төбесі ағып жатқан кабинеттерді аралады. Мұғалімдер мен ата-аналар сыныптарды жөндеуге қажет ақшаны өз қалтасынан төлеуге мәжбүр. Бюджет қаржысы тек ғимаратты күтіп-ұстауға ғана жұмсалады. Мектепте күрделі жөндеу жұмыстары 27 жылдан бері жүргізілмеген. Төбесінен су ағатындықтан кейбір сыныптар жабық.
Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстарын қолға алуды тапсырды. Бұл үшін 174 млн теңге қажет. Аймақ басшысы педагогтар тілге тиек еткен проблемаларды бюджеттің мүмкіндігін ескере отырып, кезең-кезеңмен шешуге уәде берді.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы