жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -6°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
03 Наурыз 2017

Қарағанды облысының әкімі қар басқан Бүркітті ауылында болды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарқаралы ауданының көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді.
«Жыл сайын су тасқыны осы жерден басталатындықтан арнайы келіп отырмыз. Өзен осы жерден басталады. Жоспарланған су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асырудың барысымен танысамыз. Біздің міндетіміз – төтенше жағдайларғажол бермеу және адамдардың қауіпсіздігінқамтамасыз ету», - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.
Аймақ басшысы су басу қаупі бар бірнеше ауылды аралады. Облыс әкімі Ынталы ауылының жанындағы Нұра өзенінің жағдайымен танысты. Көктас ауылына жақын маңда Нұрмұхамбет Әбдібеков аудан басшысының ағымдағы жағдай мен қабылданатын шаралар туралы баяндамасын тыңдады. Облыс әкімі Тегісшілдік ауылының жанындағы Жарлы өзенінің жағасын қарады.
Сонымен қатар, Нұрмұхамбет Әбдібеков әлеуметтік желіде қардың астында қалуымен танымал болған Бүркітті ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындарының айтуынша, 50 жылдан бері мұндай қалың қар жаумаған. Қарқаралы ауданының әкімі Қалел Мақсұтов қар шығару жұмыстары ұйымдастырылғанын, жұмыстарға арнайы техниканың тартылғанын хабарлады.
Қарағанды облысында «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай - Бұғаз» автомобиль жолының учаскесінде ұзындығы 94 км жол жабынына орташа жөнду жұмыстары жүргізіледі. Жобаға жол астындағы су өткізу құдықтарын ауыстыру да енгізілді. Сондай-ақ, Матақ ауылын еріген қар суынан қорғайтын бөгеттің құрылысы қарастырылған.
Жобаның жалпы құны - 499 млн. теңге. Жұмыстар 2017 жылға жоспарланған.
«Бүгін белгіленген жұмыстар кешенінің іске асырылып жатқанын көрдік. Қосымша күшейтуді қажет ететін жайттар бар. Жалпы, су тасқыны 2016 жылғы деңгейде болады деп күтілуде, - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков. – Облыстың 2017 жылғы су тасқынына дайындығы жоспарлы түрде өтіп жатыр. Едәуір жақсы деңгейде деп айта аламын. Материалдық және қаржылық резервтер жасалды».


Кез келген материалды karaganda-region.gov.kz сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы