жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
27 Желтоқсан 2016

Облыс әкімінің Теміртау қаласына жұмыс сапары басталды

Фото: karaganda-region.gov.kz

27 желтоқсан күні Қарағанды облысының әкімі Теміртау қаласына жұмыс сапарымен барды.
Қала әкімінің таныстыруымен Нұрмұхамбет Әбдібеков бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады.
Жұмыс сапары №4 емханадан басталды. Аймақ басшысы тіркеу, анықтама және диспечерлік қызмет бөлімдерінің жұмысымен танысып, босануға дейінгі патронаж бөлімі кабинетімен және МЖС аясында ашылған «МDvision» офтальмологиялық бөлімде болды.
Емхана жұмысымен танысып болған соң, конференц залда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев Теміртау қаласындағы денсаулық сақтау жүйесінің дамуы туралы баяндады.
Облыс әкімінің жұмыс сапары №1 емханада жалғасын тапты. Аймақ басшысына кешенді медициналық ақпараттық жүйенің жұмысы таныстырылды. Сонымен қатар, НұрмұхамбетӘбдібеков дәрігерге дейінгі кабинете, балалар хирургы кабинетінде, Лор-дәрігер, невропатолог, педиатр және дені сау бала кабинеттерін аралап, балалардың денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстардың жайымен танысты.
Бұдан кейін аймақ басшысы Теміртау қаласының орталық ауруханасында болды. Мекеменің жұмысы туралы «Теміртау қаласы Орталық ауруханасы» КММ директоры Самат Кенжибаев баяндап берді. Облыс әкімі ота бөліміне келіп, заманауи құрылғылардың жұмысымен танысты. Бұдан бөлек Нұрмұхамбет Әбдібеков профессор Х.М.Макажанов атындағы облыстық травмотология және ортопедиа орталығының филиалымның жұмысымен де танысты.
Жұмыс сапарының соңында аймақ басшысы ЖЭС-2 соғып, жылыту маусымының барысымен танысты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы