жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -1°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
07 Желтоқсан 2016

Өңір басшысы Шахтинск қаласындағы гемодиализ орталығында, стоматологиялық бөлімшеде және спорт кешенінде болды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков 7 желтоқсан күні жұмыс сапарымен Шахтинск қаласына барды.

Облыс әкімінің қаладағы жұмыс сапары «Шахтинск қаласының емханасы» КМК базасында Гемодиализ орталығын ашудан басталды. «Diaverum» танымал медициналық компаниясымен тығыз әріптестікте ашылған осы орталықта бүйректің созылмалы дертіне шалдыққан науқастарға жоғары білікті мамандар дәрігерлік көмек көрсетеді. Бұл жоба мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды.

Гемодиализ залы бүгінгі заманғы Gambro Innova (Италия) жаңа гемодиализ аппараттарымен, науқастарға арналған Comfort (Венгрия) креслоларымен жарақтанған. Медбике бекеті ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, пациенттерге арналған оңаша изолятор да бар, онда адам ағзасына зиянды әсерін тигізетін улы заттардың әсерінен ластанған қанды тазартатын аппарат, кресло, қабырғаға орнатылған бактерицидті сәуле шашқыш құрылғы бар.

Ерітінді–деминерализациялау бөлмесінде Gambro (Италия-Швеция) су дайындау жүйесі орналасқан, оның жиынтығына су тазарту фильтрлері мен басқа да арнайы тазарту сүзгілері мен құралдары кіреді.

Орталықта пациенттермен жоғары білікті мамандар жұмыс жүргізеді. Бұған дейін бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін науқастар ем-дом процедураларын алу үшін Қарағанды қаласына баруға мәжбүр болатын. Енді осы орталық ашылғаннан кейін мұндай науқастарға облыс орталығына барудың қажеті болмай қалды. Себебі Шахтинск қаласында ашылған осы Гемодиализ орталығы тек кеншілер қаласының тұрғындарына ғана емес, жалпы осындай ем-дом қабылдауға зәру облыс тұрғындарының қажеттілігін өтеуге дайын деп айтуға болады.

«Diaverum» Гемодиализ бөлімшесінің Қарағанды қаласындағы филиалының директоры Алексей Подгайнов осы Гемодиализ орталығының біздің облысымыздағы алтыншы орталық екенін айтты. Бұған дейін мұндай орталықтар Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Теміртау қалаларында ашылған болатын.

Бұдан кейін облыс әкімі қаладағы стоматологиялық бөлімшеге барды. Ол қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Шахтинск қаласының балалары мен жасөспірімдеріне және ересек тұрғындарына жоғары білікті емдік-профилактикалық және хирургиялық стоматологиялық көмек көрсетеді.

Стоматологиялық бөлімше орналасқан ғимараттың жалпы аумағы 210 шаршы метр, қызметкерлердің саны 25 адамды құрайды.

Стоматологиялық бөлімше орналасқан ғимарат 3 жыл бос тұрған. Енді мұнда стоматологиялық бөлімше мен медициналық қызметкерлерге арналған 4 қызметтік пәтер орналасты.

Нұрмұхамбет Әбдібеков осындағы қызметтік пәтерлердің біріне ие болған Черниковтардың отбасында болды. Бұл отбасы 3 бөлмелі пәтер алған. Жұбайлардың екеуі де осы Стоматологиялық бөлімшеде еңбек етеді. Облыс әкімі оларды құттықтап, сыйлыққа теледидар тарту етті.

Жалпы аумағы 250 шаршы метр болатын 4 пәтерге жөндеу жұмыстары орындалған. Бұл пәтерлерге жөндеу жұмыстары биылғы жылдың мамыр айында басталып, қараша айында аяқталған.

Жұмыс сапарының соңында өңір басшысы қаланың жаңадан ашылған спорт кешенінде болды.

Екі қабатты «Atletik» спорт-сауықтыру кешенінде спорт және тренажер залдары, жаттықтырушыларға арналған кабинеттер, спортшыларға киімдерін ауыстыруға арналған бөлме мен душ кабиналары орналасқан. Ғимараттың бірінші қабатында «фито бар», маникюр кабинеті мен шаштарзы, солярий, спорт аумағы (йога сабақтарына арналған және балалар залы) бар. Екінші қабатта спорт және жаттығу залдары, массаж кабинеті орналасқан. Спорт кешені жеке кәсіпкер Максим Суслиннің өз қаражаты есебінен салынған. Одан әрі жас кәсіпкер өз бизнесін кеңейту үшін мемлекеттік қолдау тетігін пайдалануды жоспарлап отыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы