жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -1°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
21 Қазан 2016

Қарағанды кәсіпорындары «Altay Invest-2016» халықаралық инвестфорумына қатысуда

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков делегацияны бастап барды. Делегация құрамына мемлекеттік органдардың басшылары да енді. Халықаралық форум аясында, қарағандылықтар ШҚО өндірушілерінің көрмесіне қатысты.

Сонымен қатар, форумға еліміздің және шетелдің қаржы институттары, шетелдік инвесторлар, ұлттық компаниялар басшылары, кәсіпорындар, бизнес және мемлекеттік органдар өкілдері қатысып отыр. Жалпы алғанда форумға 13 елдің 300-ге жуық өкілі қатысуда. Форум аясында ШҚО-ның жалпы сомасы 927 млрд. теңге болатын 84 жобасы ұсынылды.

Пленарлық мәжілісте Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков сөз сөйледі:

- Қос өңірдің табиғи-климаттық жағдайы ғана емес, сонымен қатар экономикалық құрылым жағынан да ұқсастықтары аз емес. Сол себепті аймақаралық байланыс пен кооперацияны одан әрі дамыту маңызды. Мысалы үшін, бүгінде Қарағанды облысы Шығыс Қазақстан облысына жылына құны 133 млрд.теңге болатын өндірістік өнім көлемін жіберіп отыр. Өз кезегінде ШҚО кәсіпорындары біздің облысымызды 57 млрд.теңгенің өнімімен қамтамасыз етуде. Өнеркәсіп саласында біздің серіктестігіміз жолға қойылған, алайда біз бұл жетістіктермен тоқтап қалмаймыз. Бұл форум аймақтар арасындағы кооперациялардың дамуы мен қазақстандық өнім көлемінің артуына ықпал етеді деген сенімдемін,-деді аймақ басшысы.

Инфестфорум аясында Қарағанды облысы мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктері арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы