жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
04 Тамыз 2016

Жалынды жастар бас қосты

Фото: karaganda-region.gov.kz

Бүгінгі күні жастар саясатын тиімді жүзеге асыру және дамыту, жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Елбасының тапсырмасымен Жастар ісі жөніндегі Кеңестерді облыс, қала, аудан әкімдері басқарды, облыстың барлық өңірлерінде жастармен жұмыс жасау Орталықтары құрылды.

Осакаров ауданында ұйымдастырылатын жастар ісі жөніндегі Кеңесніңкөшпелі отырысы Қарағанды облысы әкімі Н.Қ. Әбдібековтың төрағалығымен өтті.

Кеңес барысында басты қарастыратын негізгі сұрақ –жастардың өзекті мәселелері, оның ішінде жас азаматтарды жұмыспен қамту, жастар арасындағы діни ахуал және т.б., олардың шешу жолдары талқыланады, осы мәселелер бойынша облыстық басқарма басшыларының, қала және аудан әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Кейін ауыл және жұмысшы жастардың Форумы өтті. Жалпы, осындай Форум өткізу– әстүрге айналған іс-шара. Форум бұған дейін облысымыздың бірқатар ауылдық өңірлерінде өткізілген болатын.

Шараның басты мақсаты –ауыл жастарының өзекті мәселелері мен сұрақтарын ортаға салып, шешу жолдарын қарастыру, аталған бағыттағы атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен іс-әрекетін үйлестіру, жастарды әлеуметтік қолдау, олардың арасында мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіру және жүзеге асыруда жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру.

Форум барысында ауыл кәсіпкерлігін дамыту және қолдауға облыс әкімінің гранты, белсенді ауыл жастарынаалғыс хаттар тапсырылды.

Форум барысында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіру мақсатында жастарды жұмыспен қамту, жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған басқа да бағыттарда семинарлар өткізіледі.Сонымен қатар,Осакаров ауданының назар аударарлық жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы