жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -6°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
23 Шілде 2016

Аймақ басшысы металлургтер мен байытушыларды құттықтады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Сенбі күні облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жұмыс сапарымен Жезқазған қаласында болды. Сапар барысында аймақ басшысы қазығын

Қаныш қаққан шаһардағы Металлургтер мен байытушылар күніне орайластырылған мерекелік шараларға қатысты.

Қойнауы қазынаға толы өңірде бой көтерген Жезқазған қаласының бастауында академик Қаныш Сәтбаев тұр. Сондықтан, мыс бұлағын ағ­ызған металлургтердің кәсіби мерекесіне арнайы келген облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС басқармасының төрағасы Бақтияр Қрықпышев, Жезқазған қаласының әкімі Батырлан Ахметов, еңбек ардагерлері, металлургтер мен байытушылар, қала тұрғындары Қаныштың ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойып, құрмет білдірді.

Тұлғаға тағзым етуден басталған мерекелік шаралар С.Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театрындағы салтанатпен жалғасты. Мұнда облыс әкімі жиналғандарды мерекелерімен құттықтады.

Металлургия – облыс экономикасының негізгі саласы болып табылады. Қарағанды облысы металлургия өнеркәсібі бойынша республикада көш бастап келеді. Металлургия саласының өркендеуі, тек, мысқа бай Жезқазған өңірінің түлеуіне ғана емес, аймақтағы өзге де қалалардың гүлденуіне серпін береді, – деді облыс әкімі.

Салтанат барысында Нұрмұхамбет Қанапияұлы облыс әкімінің Құрмет грамотасын Жезқазған мыс балқыту зауыты мыс электролизі цехының учаскелік шебері Нариман Ғабдуллин, Жезқазған мыс балқыту зауыты балқыту цехының балқытушысы Сұлтан Әбішев, «Казкат» зауытының технологиялық қызметінің кран машинисі Георгий Чуперко, Жезқазғандағы №№1, 2, 3 байыту фабрикаларының жылу-энергетикалық бөлімшесінің газ-электрмен дәнекерлеушісі Александр Кортунов пен құю-механикалық зауытының токарі Дәурен Аяшевке табыстады.

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің басшылығы да әріптестерін құттықтады. Еңбекте үздік шыққан озаттар түрлі дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен, Құрмет грамотоларымен марапатталды.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Ымырт жабыла қаладағы футбол стадионында отандық және ресейлік өнерпаздардың қа­тысуы­мен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы