жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -15°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
12 Шілде 2016

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жұмыс сапарымен Жаңаарқа және Нұра аудандарында болды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жұмыс сапарымен Жаңаарқа және Нұра аудандарында болды.

Аймақ басшысы Жаңаарқа ауданындағы ветеринарлық станцияға ат басын бұрды. Мұнда аудан әкімі Ғабдрахман Омаров баяндама жасады. Оның айтуынша, бұл күні станцияда 57 маман жұмыс істейді. Оның арасында 33 ветеринар бар.

Бұдан соң Нұрмұхамбет Қанапияұлы «Шұбаркөл көмір» АҚ вахталық кентіне барды. «Центральный» разрезіндегі жұмысты көріп, HitachiEX-3600 экскаваторы және БелАЗ-220 арнайы техникасымен танысты. Шұбаркөлдіктер Қазақстанда бірінші болып осындай ірі техникаларды өндіріске пайдаланған болатын.

Вахталық кентте кеншілер өміріне қажет барлық жағдай жасалған. Тұрғын үйлер теледидарлармен, тоңазытқыштармен жабдықталған. Сондай-ақ, жылы су, шайынатын бөлме, асхана, спорт залы, жуынатын орын, кір жуатын комбинат, медициналық пункт және телефон желісі де кеншілердің игілігінде.

Аталған акционерлік қоғамға қарасты «Сарыарқа Спецкокс» ЖШС зауытында Нұрмұхамбет Әбдібековке арнайы коксты байыту барысы таныстырылды. Кәсіпорын директоры Сабыржан Иманбаев осы нысандағы жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы