жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
22 Маусым 2016

Нұрмұхамбет Әбдібеков жұмыс сапарымен Бұқар жырау ауданында болып

Фото: karaganda-region.gov.kz

22 маусым күні облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жұмыс сапарымен Бұқар жырау ауданында болып, Петровка ауылында жаңадан ашылған дәрігерлік амбулаториямен танысты.

— Бұл амбулаторияның ашылуы аудан халқының және осы жерде еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлері үшін ерекше қуанышты жаңалық болды, -деді аймақ басшысы.

Ауылдық дәрігерлік амбулатория (АДА) 2,5 мың науқасқа қызмет көрсетуге қауқарлы. Оған Петровка ауылының өзінен және осы ауылға жақын орналасқан бес ауылдың халқы келіп, ем қабылауларына болады. Аурухананың жаңа ғимараты барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып тұрғызылған. Қажетті барлық медициналық жабдықтар орналастырылған.

Бұл амбулатория «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшер-акушерлік пунктер мен емханалар» бағдарламасының аясында тұрғызылды.

— Жергілікті билік осы арқылы Елбасының тапсырмасын орындап, тұрғындарды сапалы медициналық тексеруден өткізу және емдеумен қамтамасыз етуде. Жалпы облысымыз бойынша ағымдағы жылы 27 ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталмақ.

Бұл мақсатқа қазынадан шамамен алғанда екі миллиард теңге (1,8 млрд., теңге. 914,1 млн теңге республикалық бюджеттен және 900,7 млн.теңге облыс қазынасынан) көлемінде қаржы бөлінген, -деді Н.Әбдібеков.

Бүгінгі таңда Абай, Нұра және Бұқар жырау аудандарында төрт бірдей АДА пайдалануға берілген. Ал басқа нысандардың құрылысы белгіленген графикке сай жүргізілуде, оларда негізгі жұмыстың 90-95 пайызы аяқталып қойған.

2017 жылы облысымыздың 4 ауданында тағы 7 дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы