жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -1°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
10 Маусым 2016

Астана-Алматы жол бойындағы сервистер заманауи стандартқа сәйкес келуі тиіс - Н. Әбдібеков

Фото: karaganda-region.gov.kz

Нұрмұхамбет Әбдібеков Астана-Қарағанды-Балқаш-Алматы жолдарының Орталық-Оңтүстік көлік дәлізін қайта жөндеу барысын бақылады.

Н.Әбдібеков Баймырза кенті - Теміртау қаласы учаскесінде болып, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты, мердігерлермен әңгімелесті. Жол жөндеуге жалпы 10,5 млрд теңге бөлінген. Жоба екі жол айырығы, үш өтпежол, бір жер асты өткелі, 38 бірлік су өткізу құбырларын салуды көздейді.

Сосын, облыс әкімі Ошағанды кентіне барды. Онда жол жиегінде сервис нысандары салынуда. Мұнда 30 орындық қонақүй, асхана, техникалық қызмет көрсету стансасы, жеңіл және жүк көлігіне арналған автотұрақ орналасқан. Жоба құны - 408,5 млн теңге, құрылыс 2017 жылы аяқталады.

«Демалыс алаңдары қолайлы болу үшін барынша кең жайлы орынға орналастырылды», - деді Осакаров ауданының әкімі Қайрат Шайжанов. Конкурстық рәсімдер жүргізілді, Теміртау қаласында жол жиегінде сәулет-қала құрылысы орталығының алаңын жоспарлау бойынша жобалық ұйым айқындалды. Жобалау жұмыстары шілденің ортасында аяқталады. Сосын, қала құрылысы кеңесінің қатысуымен жер учаскелерін трансформациялап, сауда-саттық жүргіземіз.

«Жол жиегіне сервис нысандарын орналастыру 1В санатының заманауи ұлттық стандартына толықтай сәйкес келуі тиіс. Атап айтсақ, жанар-жағар май бекеті, автожуу, техникалық қызмет көрсету стансасы, қоғамдық тамақтану және бөлшек сауда пункттері, автобус, жеңіл, жүк көліктеріне орын бөле отырып, автұрақ көзделді», - деп атап өтті Әбдібеков.

Келесі жұмыс сапары Оскаровка кенті болды. Онда 24 шақырым жол жөнделді. Жобада 37 су жіберу құбыры, 6 көпір, үш өтпежол, үш айырық жол қарастырылған.

«Астана мен Алматыны біріктіретін көлік дәлізін қайта жаңарту «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асуда. Оны уақтылы және сапалы орындау қажет», - деп атап өтті ол.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы