жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -15°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
21 Сәуір 2016

Қарағанды облысында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 29 мың бас ірі қара мал сатып алынды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысында агрокеңесте өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері талқыланды.

20 сәуірде Қарағанды облысы Нұра ауданында өңірдегі ауыл шаруашылығы секторын дамыту мәселелеріне арналған агрокеңес өтті. Мәжіліске ауылдық жерлер әкімдері, облыстық басқармалар, озық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, сондай-ақ «ҚазАгро» холдингінің даму институттарының өкілдері, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев қатысты.

«Қайнар» ЖШС базасында көрме ұйымдастырылды. Кәсіпорын дәнді дақылдар өсірумен де, мал өсірумен де айналысады. Мұнда бес тұқымды мал табыны, ауыл шаруашылығы техникасы ұсынылды.

«2016 жылы өңірдің егіс алаңы 1 млн 98 мың гектарды құрайтын болады. 700 мың га дәнді және дәнді-бұршақ дақылдарын егу жоспарлануда. Картоп пен көкөніс алаңы 14 мың тиісінше 3 мың гектарды құрайды. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажетті техника әзірленді», - деді баяндамамен сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Шагурашид Мамалинов.

Оның ақпаратына сәйкес ылғалды ресурс үнемдейтін технология 580 мың га немесе 75 пайыз дәнді дақыл алаңына қолданылады. Алаңы 1000 гектардан асатын картоп пен көкөніс алаңдарында су үнемдейтін технология - тамшылап суару жүйесін қолдану жоспарлануда.

«Мал шаруашылығына қатысты айтар болсақ, шаруашылықтың барлық санатында ірі қара мал 1,8 пайызға артып, 559 мың басты, ал жылқы 6,7 пайыз - 259 мың басты құрады. Қой мен ешкі 1 млн. 247 бас, шошқа - 89 мың, құс - 3 млн. 465 мыңды құрады. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жобаны іске асырған сәттен бастап облыс шаруашылықтары 29 мың бас ірі қара мал сатып алған. 2015 жылы сатып алу жоспары 9 пайызға артығымен орындалып, 5 660 бас мал сатып алынды», - деп деректерді келтірді облыс әкімінің орынбасары.

Ол облыста Бұқар жырау ауданында «Жәке» КШ базасында 5000 бас малға арналған және Абай ауданында «Сарыарқа» ЖШС базасында 3000 бас малға арналған І дәрежелі екі бордақылау алаңы құрылысы аяқталып қалғанын атап өтті. Бұдан басқа, Абай ауданында «Нияз Батыр» ӨК 3000 бас малға арналған бордақылау алаңын салу бойынша жобаны іске асыра бастады.

«Бұқар жырау ауданында «АқбастауӨнім» ЖШС базасында селекциялық-тұқымдық жұмыстарды жақсарту мақсатында қазақтың ақ бас тұқымды ірі қара мал өсіру бойынша 5000 бас малға арналған тұқымды репродуктор құруды жоспарлауда. Сондай-ақ «Итальбовини» итальяндық трансұлттық компаниямен 50 мың ІҚМ-ға арналған инновациялық экспортқа бағдарланған бордақылау алаңын құру туралы мәселе пысықталуда», - деп қосты Ш. Мамалинов.

Облыста АӨК субсидиялау және кредиттеудің жаңа тетіктерін, жер, салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру бойынша жұмыс тобы жұмыс істейді. Барлық аудандарда ауыл шаруашылығы өндірушілерімен көшпелі семинар-мәжіліс ұйымдастырылды.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы