жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
14 Наурыз 2016

ҚР Қорғаныс министрі алғашқы қазақстандық патрон зауытының іргетасын қалады - Қарағанды

Фото: karaganda-region.gov.kz

14 наурызда Қарағанды қаласындағы «Сарырқа» арнайы экономикалық аймақтың аумағында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов алғашқы қазақстандық патрон зауыты құрылысының басталуына арналған рәсімге қатысты.

Бұл жоба ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша әзірленді.

Ұлттық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету, қазақстандық өнімді арттыру, сондай-ақ атыс қаруына арналған қолда бар патрондардың қорының азайтылуын назарға ала отырып, ҚР Қарулы Күштерінде анағұрлым сұранысқа ие 5,45*39 мм, 7,62*54 мм, 9*18 мм, 9*19 мм калибрлі патрондарды өндіру бойынша зауыт құру жоспарлануда.

Осы жоба шеңберінде «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында ғимарат кешені мен патрондық зауыттың құрылысын салу жоспарлануда. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында барлық инженерлік коммуникациялар, авто және теміржол көлігі бар. Бұл орталықтандырылған түрде алаңнан тыс инженерлік магистральдарға ішкі алаңдық желілерді қосу, сондай-ақ Қазақстанның кез-келген өңіріне қару-жарақ қоймаларына автомобильді және теміржол көлігімен өнімді шығаруды жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Құрылыстың жалпы ауданы 26 400 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2017 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

«Патрон зауыты ұзақ жылдар бойы ел ішінде шикізат пен материалдар тасымалдауға сұранысты тұрақты қамтамасыз етеді. Жез сияқты қорытпаның 300 тоннасын қолдану аймақтағы мамандандырылған кәсіпорынның жұмысын жандандырады. Арнайы экономикалық аймақ тәртібі жағдайында да қазақстандық патрон зауыты салық түрінде өңірдің бюджетіне жылына 680 млн теңге қаржы түсіреді. Бұл біздің ең қарапайым болжам» - деп атап өтті «Казтехнологии» АҚ басқарма төрағасы Медер Маселов.

Аталған өндірістің жұмысы Қазақстанның ұзақ мерзімді атыс қару-жарағының оқ-дәрілерін өндіретін елдер қатарына енуіне мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде «Казтехнологии» АҚ зауыт өнімін экспорттау бойынша келіссөздер жүргізуде. Атап айтқанда, «Kadex-2016» көрмесі аясында әр түрлі мемлекеттерге өнім жеткізу жөнінде келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында атыс оқ-дәрілері шығарылмайтынын айта кетейік. Бұл ретте Қорғаныс министрлігінің мұқтаждығы үшін ағымдағы патрондардағы қажеттілік КСРО-ның құлдырауына дейін құрылған қорлар есебінен жабылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін оқ-дәрілермен қамтамасыз ету үшін қазақстандық шикізат пен материалдар пайдаланылады. Бұл жеткізуші елдерден тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оқ-дәрілермен қамтамасыз етілуі жалпы алғанда, елдің және өңірдің әскери-саяси қауіпсіздігін арттырады.

Патрондарды өндіру бойынша жабдықты канадалық Waterbury Farrel компаниясы жеткізетін болады. Қазақстандық патрон зауыты өндіру қуаттылығы жылына 30 млн. дананы құрайтын патрондарды шығаруға арналған озық құралмен жабдықталады. Технологиялық жабдық инновациялық технологияларды қолдана отырып, әлемдік сапа стандартына сәйкес келеді. Құрастыру және іске қосуды дайындау жұмыстары 2017 жылы өтеді. Монтаждау жұмыстары өндірістік персоналды оқытумен біріктіріледі. Жаңа 164 жұмыс орны құрылады. Осылайша, ауқымды мақсатта қолданылатын оқ-дәрі шығару бойынша кластер құру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

www.inform.kz



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы