жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
02 Наурыз 2016

Су тасқынына дайындық барысы - облыс әкімінің қатаң бақылауында

Фото: karaganda-region.gov.kz

Наурыз айының 2 күні облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Абай ауданы мен Шахтинск қаласына жұмыс сапарымен барып келді. Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, көктемгі су тасқынына дайындық барысымен танысты.
Абай ауданына қарасты Курминка елді мекенінде облыс басшысы апатты жағдайда тұрған мектептің орнына салынып жатқан жаңа 320 орындық мектептің құрылысымен танысты. Бүгінде жаңа мектептің оқу корпусының, шаруашылық бөлімі мен спорт залының төбесі жабылған. Бүгінде аталмыш нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша жаңа мектепте 8 бастауыш сынып бөлмесі, 3 мультимедиялық, 1 лингафондық және 3 компьтерлік клас ашылады деп жоспарланған. Сонымен қатар жаңа модификация бөлмесі де ашылады. Жаңа мектеп ағымдағы жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Әкім аралаған келесі нысан Топар кентіндегі «Қазақмыс Энерджи» ЖШС қарасты ГРЭС су торабы болды.
Абай ауданының әкімі Серік Шайдаров аймақ басшысына көктемгі тасқынға дайындық барысын таныстырып, апатты жағдайың алдын алу бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндап берді. Су торабының жұмысымен танысқан Нұрмұхамбет Әбдібеков ГРЭС директоры Владимир Черепановтың Шерубай-Нұра су қоймасының жайы туралы есебін тыңдады.
Бұдан кейін облыс әкімі Көксу селолық округіне қарасты көпірдің жай-күйімен танысты. Көпір су астында қалмауы үшін бұл жерде бірқатар жұмыстар жүргізіліп, судың жолын бөгеу үшін құм толтырылған қаптар әкелінуде.
Шахтинск қаласында Нұрмұхамбет Әбдібеков Соқыр өзені арқылы салынған көпірдің жайымен танысты және қала әкімі Сержан Аймақовтың көктемгі тасқын туралы есебін тыңдады. Ағымдағы жылы Шахтинск қаласында 8 км айналма канал мен 51 тасқын қабылдағыш бекет салынған. Тасқын қаупі бар аймақтарды аралап, халыққа ескерту жұмыстары жүргізілген және тасқынның зардабын жою мақсатында инертті материалдар, ГСМ, құм салынған қаптар дайындалған.
Жұмыс сапарының соңында Нұрмұхамбет Әбдібеков көктемгі тасқын маусымын қауіпсіз деңгейде өткізуге бірқатар тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы