жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
20 Қаңтар 2016

Сәтбаев әкімі болып А. Ыдырысов тағайындалды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Сәтбаев қаласының әкімі болып 40 жастағы Асқар Ыдырысов тағайындалды. Ол осыған дейін «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында қызмет еткен.

19 қаңтарда облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Сәтбаев қаласы активімен жиын өткізді. Онда ол қаланың жаңа әкімін таныстырды. Облыс әкімінің өкімі бойынша ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен бұл қызметке Асқар Абылайұлы Ыдырысов тағайындалды.

Сәтпаевтың бұрынғы әкімі Әнуар Омар денсаулығына байланысты қызметтен кеткені аталып өтілді. Аймақ басшысы оған жұмысы үшін алғыс айтып, құрмет грамотасын ұсынды.

Н. Әбдібеков жиын өткізіп, онда Сәтбаевтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша міндеттерді жүктеді.

А. Ыдырысов 1975 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 1997 жылы Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, ал 2005 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетін аяқтады. Біліктілігі бойынша инженер-электромеханик, экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1999 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Орталық органдарда түрлі қызметтерді атқарды. ҚР шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттікте жетекші маман, бас маман болып қызмет істеді.

1999-2002 жылдары ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бәселестікті қорғау мен шағын бизнесті қолдау басқармасының бас маманы, басқарма бастығы болды.

2002-2003 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің шағын бизнесті қолдау комитетінің басқарма бастығы қызметін атқарды.

2003 жылдан 2008 жылға дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өндірістік сала мен инфрақұрылым бөлімінің кәсіпкерлік және тауарлық нарық секторының консультанты, бас сарапшысы, меңгерушісі болды. Кейін индустриалдық-инновациялық дамыту бөлімінің экономиканы әртараптандыру секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2008 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.

2008-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып істеді.

2012 жылдың қазан айынан Асқар Ыдырысов Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы, кейін Сәтбаев әкімі қызметтерін атқарып келді. Осы тағайындауға дейін Астанадағы «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында аудит қызметінің басшысы болған.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы