жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
07 Қаңтар 2016

Облыс әкімі Рождество мерекесімен құттықтады

Фото: karaganda-region.gov.kz

7 қаңтарда облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды қаласындағы Свято-Введенск соборында болып, православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.
- Бұл адамдардың жүрегіне махаббат, мейірімділік пен ізгілік нәрін себетін айтулы мерекелердің бірі. Олар басқа да діндердің моральдық негіздерімен үндесе келіп, адамзат баласын бейбітшілік пен өзара түсіністікке шақырады. Біздің Отанымыз Қазақстан бүгінде Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде дәл осындай этносаралық және конфессияаралық келісімнің тамаша үлгісіне айналып отыр. Ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық келісімнің арқасында біз тәуелсіздік жылдарында толағай табыстарға қол жеткіздік, - деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы өткен жылдың біздің өңіріміздегі Орыс православ шіркеуі үшін маңызды оқиғаларға толы болғандығын атап өтті.
- Өңіріміздегі православ дін өкілдерінің қызметі бұдан әрі де рухани дүниемізді нығайтып, адамгершілік құндылықтарын уағыздауға бағытталады деп сенемін, - деді сөз соңында Н.Әбдібеков.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы