жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
21 Желтоқсан 2015

Қарағанды облысындағы тарихи оқиға (ФОТО)

Фото: karaganda-region.gov.kz

Бүгін Қарағанды облысында тұңғыш Достық үйі салтанатты түрде ашылды. Сонымен қатар дәл осы ғимаратта алғаш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының XVIII сессиясы өткізілді.
Ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков аймақ жұртшылығын Достық үйінің ашылуымен құттықтады.
– Бұл – Тәуелсіздік тартуы ғана емес, Ассамблея жылындағы ең басты жаңалық деп есептеймін. Достық үйі – шаршы метрлік көлемі жағынан да, құрылысы мен жобалауы тұрғысынан да облыстағы бірегей нысан болып табылады. Бұнда жүзден астам этномәдени бірлестіктер, мәдени орталықтар, ассамблея мұражайы, ең үлкен концерт залы орналасады. Достық үйі – татуылық пен тұтастықтың, бірлік пен достықтың ордалы орталығына айналатынына сеніміміз мол,-деді.
Достық үйінде барлық этномәдени бірлестіктер орналасады. Сонымен қоса 430 орындық концерт залы болады. Ғимаратта облыстық ассамблея мұражайы , конфереция залы, лингвистикалық сыныптар, шығармашылық ұжымдарға арналған дайындық залдарына орын бөлінеді.
Мұндай қоғамдық маңызды нысанды салу «Қазақстан – 2050» стратегиясында алға қойылған ұлтаралық келісімді нығайту және жаңа қазақтандық патриотизмге тәрбиелеу міндетін іске асыруға ықпал етпек.
Сессия жұмысын ашық деп жариялаған аймақ басшсы Н.Әбдібеков татулық пен тұрақтылықтың алтын ұясына айналатын Достық үйінде басқосу өткізілуі тегін емес екенін атап өтті.
- Бүгін біздің қаламызда Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен салынған Достық үйінде облыстық Ассамблеяның ХVIII сессиясына жиналып отырмыз,-деді.
Ассамблеяның өміршеңдігінің ең басты ерекшелігі – ол этностық топтардың қызметін бақылаумен айналысатын қарапайым ұйымға ғана айналып қоймай, сонымен қатар еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың мүдделерін бір арнаға тоғыстырушы, барлық азаматтардың этностық, діни ерекшеліктеріне қарамастан құқығы мен бостандығын сақтаушы толыққанды саяси институтқа айналуында.
Сондай-ақ облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XVIII сессиясына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов арнайы қатысты.
Сессия жұмысына облыстық Ассамблея мүшелері, қалалар мен аудандардың этномәдени орталықтарының басшылары мен мүшелері, тиісті мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылды.
Жылдағы дәстүр бойынша сессияда ҚХА облыстық ассамблея төрағасының орынбасары тағайындалады. Биыл бұл қызметке «Вайнах» этномәдени бірлестіктің төрағасы Увайс Джанаев лайықты деп танылды.
Бүгінгі кездесу біздің баршамыз үшін пайдалы және мағыналы болды деп ойлаймын. «Бірлігі күшті ел озар» дейді дана халқымыз. Сондықтан баға жетпес басты байлығымыз бірлік, татулығымыз берік болуы үшін табан тірейтін тұғырымыз тұрақтылық, келер күнгі кемел келешекке жетелейтін жарқын жаңғырту жолындағы жұмыста Сіздерге табыс пен сәттілік тілеймін,-деді аймақ басшысы сессия жұмысының соңында.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы