жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
14 Желтоқсан 2015

"Ел келешегі - өздеріңдей жастардың қолында"

Фото: karaganda-region.gov.kz

Бүгін облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті.
- Сендерді еліміздің дамуы мен болашағы ойландыратыны, және өз пікірлеріңізді ашық айта алатындарыңыз – мені, шыны керек, қуантып отыр.
Өздеріңіз білесіздер, қараша айының соңында еліміз үшін аса маңызды стратегиялық құжат – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа Жолдауы жарияланды.
Әрине, сендер де, мектеп лидерлері – Мемлекет басшысының Жолдауымен жан-жақты оқығандарыңызға сенімдімін,-деді аймақ басшысы.
- Нұрмұхамбет Қанапияұлы, Сіздің білуіңізше, облыстың және қала кәсіпорындарында біздің мектеп оқушылары жыл сайын «Ата-анамыздың кәсіпорнындағы 10 күн» атты әлеуметтік тәжірибеден өтеді. Бірақ болашақта табысты саясаткер, экономист, зерттеушілер болуды армандайтын оқушылар бар. Ал, болашақта басқару жұмыстарын жоспарлайтын оқушылар үшін басшылардың тікелей міндеттерімен жақынырақ танысу және жауапкершілікті сезіну үшін мемлекеттік ұйымдарда осындай тәжірибеден өтуге мүмкіншілік бар ма?-дегендей сұрақ қойды.
— Әрине, ең алдымен, сондай меценат та, медик те, министр де, өнертапқыш та, әкім де, тіпті, келешек елдің президенті де - сендердің араларыңда. Барлық мүмкіншілік бар,-деп сұраққа жан-жақты жауап берді аймақ басшысы.
Айта кетерлігі, аталмыш мектеп - үш қабат, он төрт блоктан тұратын 720 орындық нысан. Толық күн тәртібінде білім беруге арналған. Білім беру мекемесінде 62 оқу бөлмесі, физика, химия және биология пәндеріне арналған үш кеңейтілген зертханасы бар. Оқу бөлмелері мен зертханалар отандық және Ресей, Ұлыбритания, Германия мен АҚШ оқу құралдарымен және жиһаздарымен жабдықталған. Аймақтардан келген оқушылар үшін 120 жатын орындақ жатақхана тұрғызылған. Дене шынықтыру пәніне арналған спорт секциялары, екі спорт залы, тренажер залы, футбол алаңы, жүгіру жолдары, спорт алаңдары қарастырылған. Мәдени-танымдық шаралар мен бос уақытты ұйымдастыруға арналған 350 орындық акт залы бар. Мектепте үлкен кітапхана, заман талабына сай медиатека, ақпараттық орталық жұмыс істейді. Оқушылардың тамақтануын 360 орындық асхана қамтамасыз етеді.
Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдерді қызметке қабылдаудың бірнеше конкурстық іріктелер жүргізілді. Оларға тек Қарағанды қаласынан ғана емес, сонымен қатар Теміртау, Саран, Шахтинскіден барлығы 300 астам үміткер қатысты. Іріктеу кезеңдрінің қорытындысы бойынша, конкурстық комиссия пән мұғалімдерін, сонымен қатар 2011-2012 жылдары Назарбаев Университетінде оқудан өткен 100 мұғалімнің қатарындағы ағылшын тілі пәнінің мамандарын (PDP) Зияткерлік мектепте жұмыс істеуге лайық деп ұсынды.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы