жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
12 Желтоқсан 2015

Тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Бұқар жырау ауданында «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты жұмыстар жүйелі жалғасын табуда. Өткен сенбіде осы ауданның Петровка ауылында аталған бағдарлама аясында су құбыры желісі іске қосылды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ арнайы барып, қатысты.
– Бүгінгі күн аудан тарихындағы атаулы күн болары анық. Өйткені, ұлттың ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында ауылдық елді мекенде екі мыңға жуық адамды таза әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз ететін су құбыры желісі пайдалануға беріліп отыр, – деді аймақ басшысы өзінің құттықтау сөзінде.
Осынау бағдарлама аясында ауданда су айдау станциясының құрылысы салынып, су қысымын қамтамасыз етуге арналған су көтеру мұнаралары, электр бағаналары орнатылды. Бұдан да басқа игі істер баршылық. Барлық нысандардың құрылыс жұмыстары тиянақталып, мемлекеттік комиссия тарапынан қабылданды. Айталық, өткен жылы Ақтөбе және Тоғызқұдық ауылдарында су құбыры желілері тұрғындар игілігіне берілді. Жалпы алғанда, ауданның 49 елді мекені сапалы ауызсумен толыққанды қамтылып отыр.
Жаңа су құбыры желісі қолданысқа тапсырылғанға дейін Петровка ауылының тұрғындары әр үйдің іргесіндегі жеке құдықтардың суын тұтынып келген еді. Жанға жағымды жоба аясында 24 шақырымдық су құбыры тартылып, қақпақшалары талапқа сай 173 дана құдық орнатылды. Қажетті футлярлар 100 пайыздық деңгейде салынып, резервуар төңірегіндегі жұмыстар жөнге келтірілді, сондай-ақ, көлемі 250 шаршы метр болатын екі резервуар орналастырылды. Су айдау станциясынан ауыл орталығына дейінгі құбыр желісі тартылған. Халықты өмір нәрімен жабдықтау нысандарына электр қуаты жеткізілген. Қысқасы, жұмыстардың орындалу деңгейі – 100 пайыз.
Тұрғындарды қуанышқа кенелткен жобаның құрылыс жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталған болатын. Жобаның жалпы құны – 327 млн. 869 мың теңге. Әлеуетті орындаушы – «СТРОИН» ЖШС.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы