жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
12 Желтоқсан 2015

Қарағанды облысында жаңа балабақшалар бой көтеруде

Фото: karaganda-region.gov.kz

Бұқар жырау ауданында Тәуелсіздік күніне орай 140 орындық балабақша ашылды. Балабақшаға 2-6 жас аралығындағы балалар баратын болады.
12 желтоқсанда Бұқар жырау ауданының Баймырза ауылында «Балдырған» балабақшасының салтанатты ашылуы болды. Мектепке дейінгі балалар мекемесінің ашылуына облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қатысты. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын балабақшаның ашылуымен құттықтады.
– Балаларға қамқорлық, жас отбасыларын қолдау – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттағы басымдықтың бірі. Президенттің тапсырмасы бойынша еліміздің кішкентай тұрғындарын тәрбиелеп, дамыту үшін елде жағымды жағдайлар жасалуда, – деді аймақ басшысы.
«Балдырған» балабақшасын қайта жөндеуге «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 115 млн.217 мың теңге қаражат бюджеттен бөлінді.
Балабақшада қазіргі заманғы материалдық база жасақталған. Мұнда ойын алаңдары, акт залы бар, топты орналастырудың дербес жатын бөлмесімен бірге заманауи жоспарлануы, медициналық, тамақтану блоктары да талапқа сай.
Сонымен қатар, балабақшада «Жас ата-ана мектебі» секілді жобаларды енгізу жоспарлануда. Жобаның мақсаты – әр баланың көңіл-күйінің жақсы болуын, баланың толыққанды дамуы үшін отбасындағы өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Жоба денсаулық сақтауды, көптілді және инклюзивті білім беруді көздейді. Сондай-ақ, білім беру үдерісін ұйымдастыру мақсатында интерактивтік құрал-жабдықтарды, балалардың жүйке-эмоционалды жайлылығын сақтау үшін құмды ойын терапиясын жүргізуді қолданатын пәндік-дамыту орталығы құрылған. Балаларды оқыту үш тілде жүргізіледі. Балабақшада 12 маман еңбек етпек.
Жалпы, ауданда 41 шағын орталық жұмыс істейді. Бүгінде мектепке дейінгі білім беру 97,5 пайызды қамтыған. Ал, облыстық жоспар – 98 пайыз. Мұндай маңызды нысанның ашылуы ауыл тұрғындары үшін айтулы оқиға.
Облыс әкімі Баймырза ауылының тұрғындарын және балабақшаның тәрбиеленушілерін құттықтап, сыйлыққа интерактивті тақта табыстады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы