жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
07 Қараша 2015

Қарағанды облысында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

Фото: karaganda-region.gov.kz

7 қараша күні Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Осакаров ауданының активімен жиын өткізіп, кадрлық ауыс-түйіс туралы айтты.
ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен аймақ басшысының бұйрығы бойынша Осакаров ауданының әкімі болып Шайжанов Қайрат Абдоллаұлы тағайындалды.
Қ. Шайжанов 1977 жылы туған. Екі жоғары білімі бар: «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «заңгер». Еңбек жолын құрылыс фирмаларында басқару қызметтерінен бастады. 2007 жылы мемлекеттік қызметке орналасты. Сәтпаевтағы Жезқазған кентінің әкімі, кейін Сәтпаев әкімінің орынбасары, Жезқазған әкімінің кеңесшісі болды. 2013 жылы Астана қ. «Қазақстандық ТКШ дамыту және жаңғырту орталығы» АҚ коммуналдық шаруашылық департаментін басқарды. Кейін Астана қ. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС бас директоры болды. 2015 жылдың маусымынан Жезқазғандағы «Әлем-строй» ЖШС директоры болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы