жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
05 Қараша 2015

Облыс әкімі «Нұрқазған» кенішінің шахтысына түсті

Фото: karaganda-region.gov.kz

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен жете танысу, өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралау, тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелердің оң шешімін табуына ықпал жасау – міне, облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің Бұқар жырау ауданына барғандағы жұмыс сапарының негізгі мақсаты осылар болатын.
Облыс басшысы «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің Нұрқазған кен байыту комбинатында болып, онда өндірістік көрсеткіштермен, кәсіпорын жұмысшыларының еңбек жағдайларымен танысып, «Нұрқазған» кенішінің шахтысына түсті.
Бұқар жырау ауданындағы Нұрқазған кешенінің құрамына кен орны мен «Қарағанды түсті металл» байыту фабрикасы кіреді. Жер асты кеніші мысты өндіріп жатқаны белгілі. Жобалық қуаты жылына 4 млн тоннаға дейін өнім өндіруге жетті. Ал соңғы алты жылдан бері кен шығарудың жаңа жүйесіне, яғни жер астының қатпарлы кабаттарынан опырып алу әдісіне көшті. Сонымен қатар, көп кешікпей мұнда көтерме ұңғының құрылысы аяқталады. Демек, тағы бір жаңа жүйенің іске қосылатын күні де алыс емес.
Облыс әкімі №1 дизельді өндіру учаскесіндегі бұрғылау құрылғысының жұмысымен танысып шықты. Кейін, жетінші үңгілеу учаскесі мен жөнделіп жатқан аумақтардың да бүгінгі жағдайын бағамдады.
Өнім жер астындағы магистралды конвейер арқылы байыту фабрикасына келіп түседі. Бұл мыс-сульфидті кен жұмысының технологиясына сай жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, қатты бөлшектерді суда айыру процесі арқылы кен қайта өндірілуде. Облыс әкімі жұқалап ұсақтау корпусында да болып, тау-кен байыту құрылғысының жұмысымен танысып, операторлардың қызметін көзбен көрді. Фабрика басшысы алдағы жоспарларымен бөлісіп, инноваця игілігімен іске асырылатын жобаларын баяндады. Ал жалпы, мұнда технологиялық порцестің барлық сатылары талапқа сай жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы