жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
27 Ақпан 2015

Аймақ басшысының Балқаш қаласына жұмыс сапары

Фото: karaganda-region.gov.kz

Былтырғы жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Балқаш қаласының тұрғындары денешынықтыру-сауықтыру кешені мен 45 пәтерлі тұрғын үйді той тарту ретінде қабылдап алған еді. Ал, өткен жұмада облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ жұмыс сапары барысында әлеуметтік маңызды нысандардың қатары жаңадан ашылған нан комбинаты және отбасылық кофе ішетін орынмен толықты.
-Жаңа нан комбинатының іске қосылуы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында биылғы жылдың үлесіне тиетін алғашқы кәсіпорын болуымен маңызды, - деп атап өтті аймақ басшысы өзінің салтанатты рәсімдегі құттықтау лебізінде.
Жаңа нан комбинаты құрылысын салудың алғышарты – 1967 жылы іске қосылған ескі нан заводының қондырғылары мен технологиясы соңғы ондаған жылдар бойы жаңғыртылмағаны болды. Бұл, өз кезегінде өнім көлемінің азаюына, электр қуатын үнемдеуге бейімделмеген ескі қондырғының өнімнің өзіндік құнын ұлғайтуға соқтырды. 2014 жылы «Пульс» ЖШС қуаттылығы тәулігіне 17 тоннаға дейін өнім беруге лайықталған қазіргі заманғы нан комбинатының құрылысын салу туралы шешім қабылдады. Аталған жобаны іске асыру үшін «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ және «Цеснабанк» АҚ қолдауымен 500 млн. теңге көлемінде инвестиция салынды. 100 жұмыс орыны құрылды.
Нан комбинаты еуропалық елдердің жетекші фирмаларының қазіргі заманғы қуат үнемдеуі тиімді қондырғыларымен жарақталған. Ал, жаңа технологиялар өндірістің экологиялық тазалығын, дәмділігі мен құнарлылық сапасының артуын қамтамасыз етеді. Қазір өнімнің 30 түрі өндірілсе, келешекте олардың саны 40-қа жеткізілмекші.
Жобаны жүзеге асырушы «Пульс» компаниясы басшылығына алғыс айтқан облыс әкімі «Заман талабына сай нан комбинатының іске қосылуы балқаштықтардың нан өнімдеріне деген сұранысын толық қамтамасыз етіп, Елбасы жариялаған «Қазақстанда жасалған» акциясына өзіндік үлес қосары күмәнсіз» деді.
Одан кейін «Жиырма қайырымды іс» республикалық акциясының аясында «Мерей» отбасылық кофе ішетін орынының ашылу рәсімі өткізілді.
-Мемлекет басшысы отбасы, балалар, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер біздің қоғам мен мәдениеттің негізі болып қалатынын ұдайы айтып келеді. Балқаштық кәсіпкерлердің отбасы және отбасылық демалыс мәселелерін назардан тыс қалдырмауы көңілге қуаныш ұялатады , - деді Нұрмұхамбет Қанапияұлы рәсімге қатысушыларға арнаған сөзінде.
Облыс әкімінің аймаққа сапары барысында қарастырылған іс-шараның бірі «Цеснабанк» АҚ филиалы құрылысы орынында капсула салу рәсімі болды. Аталмыш рәсімді жүзеге асырған аймақ басшысы банктің шағын және орта бизнеске мән беріп отыратынын, оның филиалының Балқашта ашылуы экономиканың осынау саласының дамуына тың серпін беріп, көптеген балқаштықтардың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізерін атап өтті.
Жұмыс сапары бағдарламасына сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалына бару енгізілген болатын. Филиалдың қоғамдық қабылдау орынында аймақ басшысы азаматтарды қабылдау өткізді. Әкімге өз сауалдарымен келгендер «Қоңырат» шағынауданында модульді шағын қазандық құрылысын салу және «дауна» дертіне шалдыққан баланың республикалық балаларды сауықтыру орталығында емделуі үшін квота бөлу туралы мәселелерді көтерді.
Облыс әкімі сапар түйінінде ғимаратын диагностикалық-кеңес беру орталығы ретінде күрделі жөндеуден өткізу көзделген №1 қалалық аурухана филиалында болды.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы