жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -5°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
21 Қаңтар 2015

Облыс әкімінің Теміртау қаласына жұмыс сапары

Фото: karaganda-region.gov.kz

20 қаңтарда облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Теміртау қаласына жұмыс сапарымен барып қайтты. Сапар барысында аймақ басшысы қала әкімінің халықпен кездесуіне қатысты.
- Бүгін Теміртау қаласына жұмыс сапарымен келіп, қала әкімінің есептік кездесуіне арнайы қатысып отырмын. Барлығымыз үшін Теміртау қаласының алатын орны ерекше. Ең алдымен, дәл осы өңірде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбек және саяси жолы басталғанын облысымыздың әрбір тұрғыны мақтанышпен айтады. Ал биылғы жыл, жақсы білесіздер, Теміртау үшін ерекше жыл болмақ,-деп атап өтті аймақ басшысы.
Биыл металлургтер қаласының 70 жылдық мерейтойы және Қазақстан Магниткасының дүниеге келгеніне 55 жыл толады.
- Бұл бір-бірінен ажырамайтын атаулы даталар. Тек қана аймағымыз үшін ғана емес, республикалық маңызы бар оқиғалар екенін естен шығармаймыз,-деді Н.Әбдібеков.
Аймақ басшысы өңірдің 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Сөз барысында облыс әкімі облыстың дамуына Теміртау қаласының қосқан үлесі зор екенін мәлімдеді.
Сонымен, өнеркәсіптік өнім көлемі 410 млрд. теңгеден асып жығылды. Ауыл-шаруашылық өнімі 1,5 млрд теңгені құрады. Негізгі капиталға 67,5 млрд теңге инвестиция құйылған. 30 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
- Бұл сөзсіз жақсы көрсеткіш. Осы қарқынмен жұмыс істеуіміз қажет,- деді аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков.
Сонымен қатар, облыс әкімі қалада шешілмеген мәселелердің барын тілге тиек етіп, осыған байланысты Теміртау қаласының әкіміне бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Бұл экономика диверсификациясы және де шағын, орта кәсіп. Әрі қарай, ҮИИДМБ екінші бесжылдығының аясында индустриалды жобаларды жүзеге асырудың жолдарын іздеу. Бұл негізінен, инфляцияны ұстап қалу және негізгі азық-түліктердің бағасының көтеріліп кетпеуін қадағалау сынды мәселелерге аса назар аудару керек.
Теміртауда мектепке дейінгі балабақшалардың жоқтығы сезіледі. Осыған байланысты жекеменшік балабақшалар мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің басқа да жолдарын қолдану керек.
- Теміртау қаласының әлеуметтік-экономикалық жұмыстары Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа Жолдауындағы қойылған тапсырмаларға сәйкес болуы керек. Және нәтижесінде тұрғындардың өмір сүру деңгейін өсіруі қажет, - деді облыс әкімі қорытынды сөзінде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы