жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
19 Қараша 2014

Облыс әкімінің Приозерск қаласына жұмыс сапары

Фото: karaganda-region.gov.kz

19 қараша облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Приозерск қаласына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында аймақ басшысы Космонавтов көшесіндегі № 1 жаңа үйдің кілтін тұрғындарға табыстады.
- Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар бөлуде. Ұлт Көшбасшысының тапсырмасымен Мемлекеттік тұғын үй құрылысының жобасы жасалып, осыдан екі жыл бұрын «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы жұмысын бастады, - деді аймақ басшысы салтанатты ашылу барысында.
Өз сөзінде Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысында тұрғын-үй құрылысы өз жылдамдығын жоғалтпағанын жеткізіп отыр. Бүгінгі таңда 260 мың шаршы метр тұрғын-үй салынған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен жоғары.
Мұның ішіне осы 40 шаршы метр үй де кіреді. Тұрғын-үйді қайта құру үшін бюджеттен 136 миллион теңге бөлінген.
Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы 2011-2013 жылдар арасында Приозерск қаласының кешенді даму жоспары барысында салынған нысандарда болып қайтты.
Сонымен қатар, аймақ басшысы моноқаланың қысқа дайындығын да тексерді. Сапар барысында облыс әкімі Балқаш көлінің бойында орналасқан, 2015 жылы құрылысын аяқтауға жоспарланған Санаторий кешенінің жұмыс барысымен танысты.
Жиын соңында аймақ басшысы Приозерск қаласының әлеуметтік- экономикалық дамуы үдерісін оңды бағалап, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану керек деп айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы