жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -5°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
16 Қазан 2014

Н.Әбдібеков: «Қаражал, Жәйремнің келешегі зор»

Фото: karaganda-region.gov.kz

16 қазан күні облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жұмыс сапарымен Қаражалда болып қайтты.
Алғашқы нысан – темір марганецін өндіретін «Западный Каражал» шахтасы болды.
Нұрмұхамбет Әбдібеков шахтаға түсіп, кеншілермен кездесіп, жұмыс бабымен танысты.
Салауатты өмір салтын ұстану – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алға қойған мақсаттарының бірі болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында жасөспірімдерге арналған спорт алаңы болды. Аймақ басшысы футбол алаңын, жаттығу залын, күрес алаңын көріп, қарап шықты.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Моноқалаларды дамыту бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысты.
Қаражалда орналасқан №33 үйдің құрылысын көрді. Бұл үйде 30 пәтер бар, жалпы тұрғын-үй көлемі 1200 шаршы метрді құрайды. Құны – 87,6 млн, теңге. Құрылыстың аяқталауы осы жылдың қараша айына жоспарланып отыр. Нұрмұхамбет Әбдібеков Қаражал әкіміне жөндеу жұмыстарын қадағалауды тапсырды.
Сонан соң облы әкімі Қаражал қаласында орналасқан жеке кәсіпкер Аманжолованың дүмбіл өнім өндіру бойынша цехында болды. Кәсіпкердің айтуынша, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша ол 3 млн. тенге көлемінде дүмбіл өнім өндіру бойынша цехын ашу үшін арнайы грант ұтып алған. Өз кезегінде аймақ басшысы аталған цех өзге де кәсіпкерлерге үлгі болу керек екенін айтты.
- Бұл цех өзге де кәсіпкерлер үшін үлгі болуы керек деп есептеймін. Сондай-ақ, осындай кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруымыз қажет. Және өз ісін енді бастап келе жатқан жас кәсіпкерлерге арнайы бағдарламалардың мүмкіндігін жан-жақты түсіндіре білуіміз маңызды,-деді Н.Әбдібеков.
Облыс әкімінің жұмыс сапары Жәйрем кентінде жалғасты. Нұрмұхамбет Әбдібеков "Үшқатын" кен ошағында болып, өндіріс ырғағымен танысты.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Нұрмұхамбет Әбдібеков Қаражал және Жәйрем кентінің келешегі зор екенін атап айтты.
- Бүгін жұмыс сапары барысында Қаражал және Жәйрем кентінде болып, қос өңірдің де әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан әлеуеті зор екенін байқадым. Бірқатар бағытта оң динамика байқалады. Дегенмен де халықтың әл-ауқатын арттыру үшін өңірлердің әлеуетін тиімді пайдалана білуіміз қажет,-деді облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы