жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
11 Қазан 2014

Ұлытау – ұлттың табысқан төбесі, ұйысқан іргесі

Фото: karaganda-region.gov.kz

11 қазан күні облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жұмыс сапарымен Ұлытау ауданында болды.
Ең алдымен, аймақ басшысы «Қолжетімді баспана» бағдарламасының ауданда жүзеге асырылу барысымен, аудан орталығында салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысымен танысты.
Аталған жобаның жалпы құны 246 млн. теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2013 жылы басталған. Қазіргі уақытта 5 үйдің құрылысы толық аяқталған, қалған 15 үйдің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында межесіне жетеді деп күтілуде. Айта кетейік, құрылыс жұмыстарымен «Құрлыс» ЖК және «Марал-Құрылыс» ЖШС айналысуда.
Сондай-ақ облыс басшысы ауданның орталық ауруханысында, қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген № 1 орта мектепте болды.
Аудан нысандарын аралап болған соң Нұрмұхамбет Әбдібеков Ұлытау ауданының 75 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты.
Облыс әкімі кең байтақ дархан даламыздың қай түкпірі болмасын – қасиетті де қастерлі екенін айтып, ұлт үшін Ұлытаудың орны өте ерекше деп атап өтті.
- Себебі, бұл өңір – еліміздің тұғырлы тірегі, тарихымыздың алтын діңгегі. Сондықтан бүгін қасиетті топыраққа тәу етіп, сіздермен жүздесіп тұрғаныма өте қуаныштымын,-деді аймақ басшысы.
- Ұлытау – біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған ғасырлық рухани ордасы болған. Ақындары жырлаған, сан ғасыр адамдарды баураған қазақ халқының қасиетті жері.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздің Ұлытауымыз бен Ордабасымыз – досымызға да, дұшпанымызға да ұялмай көрсетер айбарымыз, ардағымыз, асылымыз болуға тиісті», – деп үлкен баға берген.
Мәселен, үстіміздегі жылғы 25 тамыздағы Тұңғыш Президентіміздің Ұлытау төрінде айтқан даналық пікірлері – барша қазақстандықтарды біріктіріп, әсіресе, жастарға рух бергені сөзсіз.
Ұлытау – ұлттың табысқан төбесі, ұйысқан іргесі. Бұл ұлағатты жерден талай атақты адамдар шыққан. Олардың қатарында қазақтың тұңғыш әскери ұшқышы Серікбай Асатов, белгілі публицист-жазушы Баубек Бұлқышев, жазушы Мұқан Иманжанов, Камал Смайылов, академиктер Өмірхан Байқоңыров, Мұхамеджан Қаратаев, Төрегелді Шарманов, Айтмұхамбет Абдуллин, «Халық Қаһарманы», армия генералы Мұхтар Алтынбаев және басқа да тау тұлғаларымыз бар.
- Ал, бүгінде Ұлытау ауданының жұртшылығы осы ағалардың жолын абыроймен жалғастырып, Президентіміздің бастамасымен аймағымызда іске асырылып жатқан реформаларға үлкен үлес қосып келеді,-деді Н.Әбдібеков.
Сөз соңында облыс әкімі Ұлытау топырағына тамыр жайып, қоныс тепкен әрбір отбасына құт-береке, баянды бақыт тіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы